© Tengrinews.kz

2016 жылы 16 мың 417 отбасы немесе 33 мың 754 этникалық қазақ тарихи Отанына қайта оралып, оралман мәртебесін алды, - депр хабарлайды Tengrinews.kz ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Қазақстанға келген оралмандардың көпшілігі, яғни, 65,5 пайызы - Өзбекстаннан келген. Сондай-ақ, 24,9 пайызы - Қытайдан, 3,2 пайызы - Түрікменстаннан, 2,7 пайызы - Моңғолиядан, 3,7 пайызы - өзге елдерден оралған қандастарымыз", - делінген министрліктің хабарламасында.

Сондай-ақ, қандастардың басым бөлігі, яғни 33,9 пайызы - Оңтүстік Қазақстан облысына, 25,4 пайызы - Алматы облысына, 10,6 пайызы - Маңғыстау облысына, 5,8 пайызы - Жамбыл облысына, 24,3 пайызы - еліміздің өзге өңірлеріне қоныстанғаны айтылып отыр. 

Елге оралған қандастарымыздың 65,4 пайызы - еңбекке қабілетті жаста болса, 16 жасқа дейінгілері - 28,6 пайызы, зейнеткерлер - 6 пайызын құрайды.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Пікірлер