Қазақстан Әскери-әуе күштерінің әуе айлағына соққы беретін жаңа Ми-35М тікұшақтары жеткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Көпмақсатты соққы беруші Ми-35М тікұшақтарының 4 данасы алғаш рет ҚР Әскери-әуе күштерінің қару-жарақтары қатарына қосылып, еліміздің оңтүстігіндегі тұрақты мекеніне жеткізілді.

Ұшқыштар құрамы қайта оқудан өтіп, авиацияға әкелінген жаңа техниканы сынап көруге дайын. Аталған Ми-35М тікұшағы тамаша ұшу-техникалық сипаттамасына ие, жоғары температуралы және биік таулы жағдайларда қолданысқа тиімді. Бұл тікұшақ жай және қолайсыз ауа райында басқарылатын және басқарылмайтын қару-жарақты ұрыста тәулік бойы қолдануды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ көздеген мақсатына күндіз жерден 10-25 метр биіктікте ұшуды, ал түнде кемінде 50 метр биіктікте ұшуды орындай алады.

Ми-35М тікұшағының навигациясы мен электронды индикациясының заманауи кешенмен жабдықталуы осындай тапсырмаларды орындауға мүмкіндік береді. Бұдан өзге, ұрыс машинасының шабуылдан қорғану кешені мен қосымша опциялары бар. Ми-35М тағы да бір артықшылығы оның құрылысының жетіктігінде, яғни тікұшақ акустикалық белгілерін төмендетіп, ұрысқа шыдамдылығын арттырады, сондай-ақ техникалық қызмет көрсетудегі қиындықтарды төмендете алады. Негізгі соққы беретін қызметтерінен өзге, Ми-35М тікұшағы жеке құрам мен жүктерді тасымалдау, медициналық қызметкерлермен қоса сырқаттар мен жаралыларды алып жүру үшін пайдаланылады.

Тікұшақтарды жеткізу Қазақстан мен Ресей арасындағы әскери-техникалық ынтымақтастық, сондай-ақ ҚР Қорғаныс министрлігі мен Рособоронэкспорт кәсіпорнының арасындағы шарт аясында жүзеге асырылғанын айта кеткен жөн.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер