Қостанайда Универсиада алауын тапсыру эстафетасы басталды, деп хабарлайды Қостанай таңы. Эстафета А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ-нің алдынан бастау алып, әл-Фараби, Алтынсарин, Абай және Таран, Баймағанбетов, Гоголь көшелерін басып өтеді. Спорттық көштің жалпы ұзындығы 12 шақырымды құрайды. Қостанайдағы рәсімі екі кезеңнен тұрады. Эстафетаға бас-аяғы 60 адам қатысып отыр. Олардың 32-сі спортшы, сондай-ақ басқа да белсенді жастар мен мүмкіндігі шектеулі 3 азамат қатысты.

Шараны облыс әкімі Архимед Мұхамбетов бастады. Универсиада Тәуелсіз Қазақстанның басты жетістіктерінің бірі екенін айтып, спортшыларға сәттілік тіледі. Спорттық бәсеке алауын тұтатып, шерудің тұсауын кесті.
 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Пікірлер