Қазақстан мен Германия ауыл шаруашылығы саласында ынтымақтастықты нығайтпақ. Берлинде еліміздің Ауыл шаруашылығы министрлігінің өкілдері неміс бизнесмендерімен агроөнеркəсіп саласындағы жобаларды талқылады. Кездесу барысында Қазақстанға келген шетелдік компанияларды қолдауға бағытталған тиімді шаралар баяндалды.

Асқар НАМЕТОВ, ҚР АШМ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ ҒЫЛЫМИ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Қазақстанның мүмкіндіктері, өзінің тұрған жеріндегі, орналасқан мүмкіндіктері, жерінің, ресурстардың мүмкіндіктері көп екендігі, потенциалы бар екендігі оларға айқын көрініп тұр. Енді соны қолданып әрі қарай да бизнесін көтеру үшін олар осы Орта Азияның ішінде Қазақстанның нағыз саясат жағынан да, социалды, экономика жағынан да, инвестицияны сақтау жағынан да мүмкіндіктері бар екендігіне көздері жетті деп ойлаймыз.

Неміс кəсіпкерлері Қазақ еліне инвестиция құюға әзір. Оларды еліміздегі саяси жəне экономикалық тұрақтылық пен инвесторларға жасалған жеңілдіктер қызықтырады. Сондай-ақ, Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымы мен Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болуы – Германия кәсіпкерлері үшін үлкен мүмкіндік.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер