Алматыға FISU Халықаралық студенттер спорты федерациясының бас хатшысы Эрик Сентрон келді. Оның басты міндеті – Универсиадаға дайындық деңгейін тексеру.

ЭРИК СЕНТРОН, FISU ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ БАС ХАТШЫСЫ:

Қысқы спорт түлерінен жарыс ұйымдастыру – өте маңызды жұмыс. Спорттық нысандар тұрғызып, инфрақұрылымды жетілдіру, спортшыларды жарыс өтетін жерлерге жеткізу оңай шаруа емес. Дегенмен. мұнда жоғары дәрежелі атлеттер келеді. Олардың бәрі студенттер, көшілігі Универсиадаға қатысу үшін оқуларында үзіліс жасайды. Мен баршаңызға сәттілік тілеймін.

Универсиаданың басталуына санаулы күндер қалды. Осы орайда спортшылар мен еріктілердің спорттық формасы да маңызды. Бүгінге дейін шараға арнап 33 мың дана спорттық киім тігілген. Универсаданы ұйымдастырушыларға арналған киім қызыл, еріктілер үшін жасыл түсті болады.

ЖАНАТ АЛТЫНҚАДЫС, ФАБРИКА БАСШЫСЫ:

Жартылай комбинезон. Бұл спортшыларға ыңғайлы болсын, суық өткізбесін, жеңіл болсын, су өткізбесін деген мақсатпен осы жартылай комбинезонды тіктік. Бұның ішінде олимпика деп аталады ғой. Бұны спорттық джемпер дейміз.

Фабрикада спортшылардан бөлек, Универсиада кезінде жұмыс істейтін тәртіп сақшылары мен медицина, БАҚ өкілдеріне де киімдер тігілмек.

ӘЛИЯ ЖЕКСЕНБЕКОВА, ТІГІНШІ:

Осы жарысқа киім тігіп жатқанымызға өте ризамыз. Сапалы әрі жақсы. Қазақстанға бірінші ориын алуларына тілектеспіз. Бәріміз қуанып жатырмыз осындай үлесімізді қосып жатқанға.

Алматыдағы қысқы Универсиадада 59 елдің екі мыңға жуық спортшысы 12 спорт түрі бойынша 86 жүлдені сарапқа салмақ.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер