«Астана» халықаралық қаржы орталығы Қазақстанға ірі көлемде капитал тартуға көмектеседі. Ал орталықтың өзі ауқымды келіссөздер өткізу алаңына айналмақ. Қазірдің өзінде қаржы орталығы Әбу-Дабидің іскер топтарымен келісімге қол қойды. Сондай-ақ, жақында АХҚО-ның басқарушысы Қайрат Келімбетов «ДАВОС» форумында Қазақстанның мүмкіндіктерін таныстырды. Орталық Азияда жаңа экономикалық хабтың құрылуы инвесторлардың үлкен қызығушылығын тудырды.

ҚАЙРАТ КЕЛІМБЕТОВ, «АСТАНА» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАРЖЫ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БАСҚАРУШЫСЫ:

Болашақта ең мықты халықаралық сауда біздің Еуразиялық экономикалық одақта болады және басқа Азия елдерінде болады. Соның ішінде Қытай, Гонконг, Сингапур, Малайзиядан инвестициялар тартуымыз керек. Сол туралы біздің елбасымыз өзі жұмыс басқарады. Сондықтан менің ойымша, ендігі 5-10 жыл ішінде, біздің экономиканы әртараптандыру үшін, көп инвестиция тартуымыз керек. Қаржы орталығы оған жақсы қаржылық платформа болады.

Аталған елдер – Қазақстанның алдағы онжылдықтағы айқын серіктестері. Қайрат Келімбетовтің айтуынша, еліміз жақын арада ауқымды әлемдік іскер топтардың назарына ілігеді.

ҚАЙРАТ КЕЛІМБЕТОВ, «АСТАНА» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАРЖЫ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БАСҚАРУШЫСЫ:

«Осы 2-3 жылда атқарылған жұмыстарды саралай отырып, Қазақстан жаһандық тұрақсыздықты еңсеру жүйесін құрды. Біз үшін тұрақсыздық дегеніміз мұнай бағасының, тау-кен өнеркәсібі тауарларының арзандауы, Ресей мен Қытайдағы экономикалық өсім. Бірақ қазір сәйкес  жүйе құрдық, теңгені еркін айналымға жібердік, инфляциялық шектеу жоқ. Алдағы 3 жылға бюджеттің жоспарда мұнай құны 40 доллар деңгейінде бекітілген. Бұған қоса, Қазақстанда қолға алынған құрылымдық реформалар құбылмалы жағдайларға дайын болуға мүмкіндік береді. Және дамуға жол ашады».

Сондай-ақ, Келімбетов бес жыл көлемінде жекешелендіру бағдарламасы аясында «Самұрық-Қазынаға» тиесілі елдің ішкі жалпы өнімнің 40 пайызын құрайтын 19 ірі кәсіпорынды жекеге беріп, экономиканы әртараптандыратынымызды айтты. Қаржылай қамсызданудың басты драйвері ретінде осы «Астана» халықаралық қаржы орталығының ашылуы демеу болады, дейді Қайрат Келімбетов.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер