Биыл Қазақстан мен Қытай бірлескен 9 жобаны жүзеге асырмақ. Жалпы құны 1,7 млрд доллар инвестицияны құрайтын жобалар – «Жібек жолы» бағдарламасының алғашқы нәтижесі. Қазір Қазақстан мен Қытай арасындағы жылдық сауда-саттық көлемі – 14 млрд доллар. Алматыда бас қосқан екі ел кәсіпкерлері бұл көрсеткішті 40 млрд долларға жеткізуді көздеп отыр.

ЧЖУАНЬУ ЛЮ, БИЗНЕС-КОНСАЛТИНГТІК КОМПАНИЯ ДИРЕКТОРЫ /ҚЫТАЙ/:

Қытай елінің үкіметі мен жергілікті кәсіпкерлер Қазақстанға үлкен қызығушылық танытып отыр. Сонымен қатар, сіздердің де елдеріңіз инвестиция салуға мүмкіндік зор. Сондықтан, екі елге пайдалы салаларды қаржыландырған дұрыс деп есептеймін.

Басқосуда экономистер мен кәсіпкерлер Қазақстанның географиялық жағдайын ұтымды пайдалануы керектігін айтты. «Жібек жолы» бағдарламасы арқылы шағыс пен батысты байланыстырып, «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында ауқымды инвестициялық жобаларды іске асыруға болады.

ВИЛЬМУР ӘУКЕН, ЭКОНОМИКА ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ ДОКТОРЫ:

«Нұрлы жол» мен «Жібек жолы» бағдарламасының негізгі бағыттары ұқсас. Басты мақсаты екі мемлекет арасындағы тауар айналымын арттыру. Сонымен қатар, заманауи инвестициялық жобаларды қолдау.

Кәсіпкерлердің айтуынша, Қазақстан экономикасын өркендету үшін ең алдымен ауыл шаруашылығын, шағын және орта кәсіпті дамытып, қазба байлықтардан дайын өнім алатын зауыттар санын көбейту қажет. Сөйтіп экологиялық таза өнімдерімізді көршілеріміздің нарығына шығарып, пайда әкелуге мүмкіндік бар. Ал, өндіріс орындарын салу үшін инвестиция тартуға елімізде қолайлы жағдай жасалған.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер