Иранның «Fars News» тәуелсіз ақпарат агенттігі Қазақстанда өз бөлімшесін ашуды жоспарлап отыр. 15 жыл бұрын негізі қаланған агенттік осылайша елімізбен медиа саласындағы әріптестікті жандандырмақ. Тіпті, отандық журналистердің біліктілігін арттыруға дайын. Барлық шығындарды өз мойнына алып, жатақханамен қамтамасыз етпек. Бірақ ол үшін екі елдің сыртқы істер министрлігі бірлесіп виза мәселесін шешуі тиіс.

САИД НИЗАМУДДИН МУЗАВИ, ИРАНДЫҚ АҚПАРАТ АГЕНТТІГІНІҢ БАСШЫСЫ:

Қазақстан қарқынды дамып келеді. Халықтың өмір сүру деңгейі посткеңестік мемлекеттермен  салыстырғанда әлдеқайда жақсы. Сондықтан біз сіздердің елдеріңізде бөлімшемізді ашқымыз келеді. Қазір рұқсат алу жұмыстары жүріп жатыр. Біз осыдан 2 жыл бұрын журналистерді дайындайтын өз институтымызды аштық. Мұнда қазір 300 студент білім алып жатыр. Соның базасында біліктілікті арттыру курстарын өткізіп тұрамыз. Әрине қазақстандық әріптестеріміз де осында келіп, тәжірибе алмасса болады. Біз бұған қуана келісеміз.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер