Картинки по запросу временная регистрация астана

Астана қ. ІІД көші-қон полициясының мәліметтеріне сәйкес, елордада 2017 жылдың 23 қаңтарындағы жағдай бойынша өзге өңірлерден келген 75 540 адам тіркелген, соның ішінде 25 602 тұрғын - тұрақты, 49 938 адам уақытша тіркеуге тұрған, деп хабарлайды Астана әкімдігі.

Еске салсақ, қаңтарда «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне экстремизмге және терроризмге қарсы тұру мәселелері бойынша өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң күшіне енді, ол азаматтардың басқа қалада немесе елді мекенде уақытша жүрген уақытта міндетті түрде тіркелуін қарастырады.

Елорда ІІД көші-қон полициясы өкілдерінің хабарлауынша, уақытша тұрғылықты жері бойынша тіркелу үшін азаматтар уақытша тұратын ауданның ХҚКО-сына жүгіну керек.

Тұрғындарға ыңғайлы болуы үшін уақытша тіркелу қызметін онлайн-режимде алуға мүмкіндік жасалған.

Тұрғындардың уақытша тіркеуі болмағаны үшін ҚР ӘҚБК 493 бабы бойынша әкімшілік жауапкершілік қарастырылған. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Пікірлер