Қазақстан елордасында Сириядағы шиеленістерді реттеуге бағытталған «Астана процесі» жиыны өтуде. Бұл келіссөздерге қатысу үшін Сирия үкіметінің мүшелері, ел оппозициясының 15 өкілі, Түркия, Иран және Ресей мемлекеттерінің делегациялары және БҰҰ-ның Сирия мәселелері бойынша арнайы елшісі Стэфанн де Мистура елордаға келді.

РОМАН ВАСИЛЕНКО, ҚР СІМ ОРЫНБАСАРЫ:

Біздің міндет – осы келіссөздерді ұйымдастыру. Қажет болып жатса, алдағы келіссөздер үшін де алаң беруге дайынбыз. Осылайша, Сирия қақтығыстарын реттеуге өз үлесімізді қосуға әзірміз.

Бейбіт өмірді насихаттайтын Қазақстанның игі бастамасы бүгінде жаһан жұртына белгілі. Сондықтан әлемдік қауіпсіздікке қатысты келіссөз ордасы ретінде біздің таңдалуымыз тегін емес.

СЕРГЕЙ ЛАВРОВ, РФ СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРІ:

Қазақстан Сирия дағдарысының шешімін табуына ат салысып келеді. Келіссөзге қатысатын қай тарап үшін болмасын, Астана – талқылау өткізетін ең оңтайлы алаң. Бұл кездесудің басты жетістігі – оппозиция мен биліктің бір жерде пікір алмасуы. Осыған дейін ондай болған емес.

Келіссөз барысынан хабар тарату үшін Астанаға 25 елден 400-ге жуық тілші келді. Себебі Сириядағы күрделі мәселе жаһан жұртын алаңдатып отыр. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер