Орталық Азияда бейбітшілік аймағын қалыптастыру Қазақстанның БҰҰ-ы Қауіпсіздік Кеңесіндегі басым бағыты. Еліміз Орталық Азиядағы мемлекеттердің мүддесіне сай, тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз етіп, ынтымақтастықты нығайту мақсатында еңбек етеді. Қазақстан Президентінің саяси жолдауында барлық елдің мүддесін үйлесімді ұштастырып, Орталық Азияда бейбітшілік, қауіпсіздік, ынтымақтастық және даму аймағын қалыптастыру көзделген. Халықаралық сарапшылар Қазақстанның бұл мақстаы қазіргі қоғамда ең өзекті мәселе деп есептейді.

МАХМАДАМИН МАХМАДАМИНОВ, БҰҰ-ДАҒЫ ТӘЖІКСТАННЫҢ ТҰРАҚТЫ ӨКІЛІ:

Халқынызды БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің құрамына кіруімен құттықтаймын. Әрине бұл сіздерге ғана емес, бүкіл Орта Азия мемлекеттеріне маңызды. Жұмысын бастамас бұрын, өкілдер Орталық Азия мемлекеттерінің елшілерімен кездесті. Қауіпсіздік Кеңесінде талқылануы тиіс негізгі мәселерге тоқталдық. Қазақстан өз елінің, Орталық Азия мемлекеттері мен Ауғанстан мүдделерін ескеріп, Қауіпсіздік Кеңесінің барлық мүшелерімен бірлесіп лайықты жұмыс атқарады деп санаймыз».

Қазақстан Тәуелсіздіктің ширек ғасырында халықтың әлеуетін көтеру арқылы, Орталық Азия елдері арасында көш бастап келеді. Еуропалық сыртқы іс-қимылдар қызметінің Орталық Азия бойынша бұрынғы үйлестірушісі, осылай деді. Пьер Боргольтцтың айтуынша, Президент Назарбаев жеткен жетістіктерге қарамастан, «100 нақты қадам» бағдарламасында болашақта басымдық беретін бағыттарды бағамдап берді.

ПЬЕР БОРГОЛЬТЦ, САРАПШЫ:

Президент Назарбаев өз халқына және басқа да аймақтағы тұрғындарға қол жеткізген жетістіктерге тоқмейілсімей алға ұмтылу керектігін көрсетіп берді. Мәселен, заңның үстемдік құруы, мемлекеттік қызметтің дамуы, халықты жұмыспен қамту секілді бірнеше бағытты дамыту мәселелерін көтерді. Сондай-ақ, БҰҰ-ның Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты емес мүшелігіне өту арқылы , әлемдегі өзекті терроризм мәселесін шешуге де атсалыспақ.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Пікірлер