Астанада балаларға арналған киімдердің сән үлгілері көрсетілді. Қазақы ою-өрнекпен ұлттық нақышта тігілген заманауи көйлектер мен әшекей заттар көрермен көңілінен шықты. «Жеті түрлі оюмен көмкерілген әр киімде ұлттық нақышпен қатар терең мағына бар»,-дейді дизайнерлер. Жалпы соңғы кездері қазақтың ұлттық киімдеріне деген сұраныс артып келеді. «Бұл ретте жас жеткіншектердің бойына ұлттық сезімді жастайынан сіңіру маңызды», - дейді ұйымдастырушылар. 

ЕЛЕНА ГОМЕР, ЖОБА АВТОРЫ:

Көнеден - жаңаға , бабадан - балаға мирас болып қалған ұлттық ұлы өнер ешқашан өшпейді. Біз Қазақстанда дүниеге келгендіктен әрқайсымыз халқымыздың төл мәдениеті мен өнерін ұлықтауымыз керек. Киімдердегі түрлі оюлар тұмар іспеттес, олар адамды тіл мен көзден , жамандықтан атаулыдан қорғайды деп сенем.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер