Алматыда Орталық Азияның бес елінен келген көлік және логистика саласының мамандары өз мүмкіндіктерін ортаға салды. Форумды АҚШ пен Германияның халықаралық қоғамдық бірлестіктері ұйымдастырған. Әлемдік статистикалық агенттіктердің мәліметінше Қазақстан мен көрші мемлекеттер арасындағы тауар айналымы бүгінде жалпы ішкі өнімінің 5 пайызынан аспайды. Алайда мұны бірнеше есе көбейтуге болады. Шетелдік сарапшылардың  айтуынша, Орталық Азия елдеріндегі тауар айналымын арттыруға кедендік бақылау және құжат рәсімдеу тосқауыл болып отыр.

АЙЖАН БЕЙСЕЕВА, USAID АГЕНТТІГІНІҢ ОРТАЛЫҚ АЗИЯДАҒЫ МАМАНЫ:

Бізде шекара асқан соң бірқатар түйткілдер туындайды. Бұл кедендік бақылау, кәсіпкерлерге қатысты құжаттардың көптігі және рұқсат қағаздары. Бүгінгі бас қосуда айтылған түйткілдерді шешудің тиімді жолын табу және оны іске асыру мәселесі талқыланды.

Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Түркіменстан арасындағы экономикалық байланысты дамыта түсетін жоба да бар. Оны АҚШ пен Германиядан келген өкілдер әзірлеген. Бес жылдық бағдарлама ең алдымен кедендік рәсімдеу жүйесін мамандандыруды көздейді.

 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер