Сарапшылар биыл елімізде құрастырылған көлікке сұраныс артатынын айтады. Өткен жылғы жұмысын қорытындылаған Қазақстан авто бизнес қауымдастығының өкілдері алдағы бағыт-бағдарын айқындады. Былтыр өз елімізде шығарылған 47 мың темір тұлпар саудаланыпты. Сырттан әкелінген автокөліктер саудасы бәсеңдегенімен, отандық өнімге деген сұраныс ұлғайып келеді. «Бұған мемлекеттік қолдау мен жеңілдетілген несие рәсімдеу мүмкіндігінің жасалғандығы сеп болды», - дейді мамандар.

АНТОН АФОНИН, ОТАНДЫҚ АВТОӨНДІРУШІ КОМПАНИЯНЫҢ АТҚАРУШЫ ДИРЕКТОРЫ:

былтыр әлемдік қаржы дағдарысына қарамастан  елімізде құрастырылған көлік саны екі есе ұлғайып, жыл қортындысы бойынша 26 пайызды құрады.

Сонымен бірге жаңа көліктертер «Евро-5» экологиялық стандартының талаптарына сай болуы тиіс. Бұл экологиялық талап дегеніңіз көліктен бөлінетін газдағы зиянды химиялық қоспаларды анықтайды. Еуроодақ елдерінде «Евро-5» талабы 2008 жылдан бері міндеттелген. Ал Қазақстанда ол 2011 жылдан бері бірте-бірте енгізіліп келеді.

АНДРЕЙ ЛАВРЕНТЬЕВ, ҚАЗАҚСТАН АВТО БИЗНЕСІ ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

Елімізде отандық автокөлікке деген сұраныстың арту үрдісі байқалады. Бұл жақсы жаңалық. Өйткені, несиелеу бағдарламасы отандық автөндірістің дамуына мүмкіндік беруде.

Еліміздің авто нарығының дамуына сенім білдірген мамандар, биыл саудаланатын отандық көліктер санын 55 мыңға жеткіземіз деп отыр.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер