«Самғау» байқауында 300-ден астам қазақстандық бренд анықталды. «Халық маркасы» қазақстандық тауарлар тақырыбын үздік түсіндіріп, насихаттаған өңірлік жеңімпаздар марапатталды. Олар «Халық маркасы» павильонының ұйымдастырушыларымен бірге 12 елді араламақ. Бұл байқау әлемдік, республикалық және аймақтық және Интернет-БАҚ журналистері арасында ұйымдастырылған болатын. Барлығы байқауға 200 жұмыс жіберіліпті. Қазақ тілді журналистер мен блогерлер белсенділігі жоғары. Ал аймақтар арасында Астана, Алматы және Қарағанды өңірі алда. Бас жеңімпаз Наурыз мейрамын атап өту кезінде Мәскеу қаласында қазақстандық павильонда марапатталмақ. Оған темір тұлпар кілті табысталатын болады.

РИММА ТӘЖІБАЕВА, «ХАЛЫҚ МАРКАСЫ» ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ:

Мәскеу аймағы өте үлкен аймақтардың біріне жатады. Қазақстандық брендтерге деген сұраныс ұлғайып тұр. Ол павильон арқылы тек қана Мәскеуге емес, сол жердегі 30 мемлекетке өз өнімімізді көрсетуге үлкен мүмкіндік , потенциал бар.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Пікірлер