Алматыда Универсиада кундері тағы бір спорттық емес кешен жұмыс істейтін болады. «Медаль Плаза» ғимараты Республика алаңында бой түземек. Нысан қабырғасында жүлдегерлерді марапаттау рәсімдері өтетін болады. Сондай-ақ «Медаль Плаза» сахнасында еліміздің эстрада жұлдыздарының қатысуымен концерттік бағдарламалар ұйымдастырылады. Универсиаданың ресми және мәдени іс-шаралар өткізілетін орындар негізінен қаланың орталығында орналасқан. Бағдарлама аясында одан бөлек тақырыптық көрмелер әртүрлі фестивальдар ұйымдастырылады. Мамандар мәдени шаралар аясында ұлттық өнерімізді де кеңінен насихаттауды көздеп отыр.

ДИДАР САҒАДИЕВ, УНИВЕРСИАДА ДИРЕКЦИЯСЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Біздің ұлттық нақышта операмыз бар, балетіміз бар және де театрымыз бар. Әрбір осындай мәдени іс -шаралардың ішінде біздің еліміздің осы мәдени құндылықтарын оның қандай спецификасы бар екенін көрсетпекшіміз.

Универсиаданың басты жүлделеріне келетін болсақ, медальдар жиынтығы Қазақстанның теңге сарайында жасалған. Күміс медальдар 925-сынамалы күмістен жасалған. Алтын медаль 1 жарым грамм алтынмен апталса, 92 пайызы күміспен күптелген. Бұл медальдардың салмағы 280 грамм, ал қоланың салмағы 200 грамға жуық. 28-қысқы Универсиада кезінде спорттың 12 түрінен 85 медаль жиынтығы сарапқа салынады.

КАМИЛА ЛҰҚПАНОВА, «УНИВЕРСИАДА-2017» ДИРЕКЦИЯСЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Универсияда жеңімпаздарын марапаттау рәсіміне қатысты хаттамалық шаралар кешкі сағат сегіздер шамасында басталады. Медальдар жиынтығы толықтай универсиаданың тақырыбына сай әзірленген. Байрақты жарыс Алматы қаласында өтетіндіктен медальда шаһардың жаңа бренді де орын алған. Жарыстың ұранын үші тілде жазылған.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер