Кездесуде А.Смолин Мемлекет басшысына Жоғарғы Сот кеңесінің 2016 жылғы жұмысының нәтижелері, сондай-ақ «100 нақты қадам» ұлт жоспарын іске асыру барысында судьяларды іріктеу ісін оңтайландыру жөнінде мәлімдеді. Бұл туралы Ақорда баспасөз қызметі хабарлайды.

Нұрсұлтан Назарбаев Жоғарғы Сот кеңесінің жаңа ереже мен қабылданған заңға сәйкес сапалы кадрларды іріктеу бағытында жүргізіп жатқан жұмысының ерекше рөлін атап өтіп, оның қызметіне басқа органдардың араласуына жол берілмейтінін айтты.

– Біз толық объективтілік болу және араласпаушылық талабы сақталу үшін алғаш рет автономды Жоғарғы Сот кеңесін құрдық. Қазір судьяларды жаңа ережелер мен жаңа заңға сәйкес іріктеп жатырмыз, – деді Қазақстан Президенті.

А.Смолин судьяларды іріктеу тәртібі мен біліктілік талаптарын қатайтуды көздейтін Ұлт жоспарының 17-қадамының орындалуы туралы баяндады.

– Жүргізілген жұмыстар қорытындысы бойынша судья лауазымына елеулі кәсіби және өмірлік тәжірибесі бар тұлғалар тағайындалады, – деді А.Смолин.

Сондай-ақ, Жоғарғы Сот кеңесі төрағасы Судьялардың VII съезінде Қазақстан Президенті қойған міндеттерді орындауға қатысты жұмыстар туралы хабарлады.

Мемлекет басшысы кездесу қорытындысы бойынша сот жүйесіндегі кадрлық жұмысты жетілдіру ісін жалғастыруды тапсырды.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер