Нұрсұлтан Назарбаевтың БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінде жасаған үндеуін ұйымға мүше мемлекет өкілдері жоғары бағалады. Ұйымның штаб пәтерінде дипломатиялық миссия басшылары Қазақ көшбасшысының бастамасы, жаһандық қауіпсіздікті сақтауға бағытталған түйткілдерді шешуге серпін береді деп отыр. Ал,бұған дейін осы жауапты міндетті атқарған елдер Қазақстанмен тығыз байланыс орнатуға сенім білдірді. Және олар алға қойған мақсатты сәтті іске асыруға тілектестігін жеткізді.

МАЛИХА ЛОДХИ, ПӘКІСТАННЫҢ БҰҰ ЖАНЫНДАҒЫ ТҰРАҚТЫ ӨКІЛІ:

Қазақстан БҰҰ-да маңызды орынға ие. Сіздердің елдеріңіз осы ұйымның тұрақты емес мүшесі атанғанына біз өте қуаныштымыз. Әрі сенім артамыз. Қазақ елінің жаһандық қауіпсіздікті сақтауға, қарыштап дамуға бағытталған бастамаларын жоғары бағалаймыз. Біз бұл ұйымға тұрақты емес мүше болған кезімізде, барша адамзат тағдыры үшін жауапты екендігімізді ұқтық. Сіздерге Пәкістанның өкілі ретінде сәттілік тілеймін.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер