Сарапшылардың пайымдауынша Қазақстанда қолға алынған импорт алмастыру саясаты өндіріс саласын әртараптандырып, жаңа кәсіпорындардың дамуына жол ашады. Ел экономикасына оң әсер ететін үрдісті бүгіннен-ақ байқау қиын емес. Отандық өндіріс ошақтары бұрын Қазақстанда шығарылмаған тауар түрлерін өңдеуді игеріп жатыр. Мәселен, Ертіс өңіріндегі күйдірілген мұнай коксын шығаратын зауыт осыдан бір жыл бұрын іске қосылды.

МЕЙРАМ ПІШЕМБАЕВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ:

Шыққан пар ерекше жаңағы утилизацияға кетпей мына біз тұрған жерде электрстансасына келіп, осы жерден электр энергиясын өндіріп жатыр. Зауыттың өзінің сұранысы 4 мегаватт болса 12 мегаватт электр энергиясы шығып, басқа да кәсіпорындарға, Кегоктың жүйесіне ары қарай таратылып, Қазақстанда біздің кәсіпорындарға беріліп отыр.

Жылдық қуаты 205 мың тонна коксты өндіруге жетеді. Шикізатқа жергілікті мұнай химия зауытының қалдықтарын пайдаланады. Кәсіпорын өніміне Қытай мен Ресейдің алюминий өндіретін ірі зауыттары зор қызығушылық танытып отыр. Күйдірілген кокс шығаратын зауыттың толық жобалық қуаттылыққа көшуі ел экономикасын еселей түсетіні сөзсіз.

Мұнайлы өлкеде Биыл іске қосылған жүн өңдеу және шұға фабрикасы Ресей, Италия, Шотландия және Беларусь елдерінімен келісім шарт жасасыпты. Сондай-ақ кәсіпорын «EXPO-2017» халықаралық көрмесінің қатысушыларына жамылғы мен бөкебай жасауды қолға алған

Қарасай ауданында жақында екі зауыт ашылды. Бірі – шыны ыдыстар зауыты. Кәсіпорын айына 300 мың дана шыны ыдыс шығарады. Жаңадан ашылса Ресей мен Молдавадан тапсырыс алып үлгергені. Ал жылыжай құрылысына арналған темір бұйымдарын жасайтын екінші зауытты іске асыру үшін жеке инвесторлар 2 млрд теңге көлемінде қаржы жұмсаған.

БАУЫРЖАН БАЙМҰХАНБЕТ, ЗАУЫТ ДИРЕКТОРЫ:

Соңғы уақытта өте көп сұраныс болып жатыр осы жылыжайларға. Сондықтан біз оны анықтап осы жобаны істеп жатырмыз. Жоспар бойынша жылына 15-30 гектарға дейін жылыжай салатын боламыз.  

Алдағы жылы облыста 3 гектар жерге жылыжай салынбақ. Оның құрылысына қажетті бұйымдар осы жерде жасалатын болады. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Пікірлер