Қазақстандықтардың кітапқа деген қызығушылығын арттыру мақсатында ұлттық академиялық кітапхана ұжымы бірегей жобаны қолға алды. Рухани азық мекенінің бастамасымен отандық жазушылар мен ақындардың үздік шығармалары аудиокітап болып шығарылды. Үш бөлімнен тұратын аудиокітаптарда аса тартымды деген поэма, проза мен ертегілердің дыбыстық нұсқасы жазылған. Ұйымдастырушылар аудиожазбаларды қолдану ыңғайлылығы оқырман қатарын арттыруға сеп болатынына сенімді. Әр аудиокітапты жасақтауда арнайы мониторинг жүргізілді.

ЗУХРА БАЯНОВА ҚР ҰЛТТЫҚ АКАДЕМИЯЛЫҚ КІТАПХАНАСЫНЫҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:

Жобаны қолға алмас бұрын біздегі абонемент залына келушілер қандай-ақын-жазушылардың шығармаларын жиі іздейтінін анықтап алдық. Сондай-ақ оқырмандар арасында сауалнама жүргізілді. Кітапхананың Facebook парақшасын оқушылардың ұсыныстары ескерілді.

Жинаққа негізінен қазақи болмысты баяндайтын тәрбиелік мәні зор әдеби, тарихи туындылар іріктеліпті. Топтамаға Абайдың «Қара сөздері, Баққожа Мұқаевтің «Дүние кезек» хиқаялар мен әңгімелер жинағы, Олжас Сүлейменовтің өлеңдері және өзге де танымал ақын-жазушылардың еңбектері енген. Аудиокітаптарды құрастырып, жазуда еліміздің тәжірибелі телерадио жүргізушілері мен Ұлттық академиялық кітапхананың ұжымы ат салысты.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Пікірлер