Қытайлық фотосуретшілер қазақстандықтардың назарына ислам мәдениеті мен дәстүрінен сыр шертетін еңбектерін ұсынды. Елордада «Бір белдеу, бір жол» атты фото көрме ашылды. Онда әлемнің 65 елінде түсірілген 200 сурет қойылды. Олар Ұлы Жібек жолының бойында орналасқан елдердің сәулеті мен дәулетін кеңінен паш етеді. Іріктелген үздік туындылар Қазақстан тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойы мен қос мемлекет арасындағы дипломатиялық байланыстарға ширек ғасыр толуына орай ұйымдастырылып отыр.

ХЭЙ ЛЯНЦЗЕ, ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ИСЛАМ ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ ӨКІЛІ:

Бұл көрме – 80 мың фотосуреттен іріктелген жұмыстың нәтижесі. Біздің көзқарасымызша дәл осы еңбектер ислам елдерінің тұрмыстық салты мен тыныс-тіршілігін кеңінен аша түседі. Бұл туындылар түрлі ұлттарды біріктіріп қана қоймайды. Олардың ортақ пікірлері бейбітшілік пен адамгершіліктің маңызын ұғындырады.

Қытайлық фото шеберлерінің кешенді шарасы Қазақстанды да назарсыз қалдырмаған. Көрмеде еліміздің шежірелі тарихы мен мәдениетін танытатын еңбектер қойылған. Мәселен, мына туындыда ұлттымыздың аңшы құстармен саятшылық құру дәстүрі бейнеленген.

ХУСЕЙ ДАУРОВ, ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ДҰНҒАН ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

Мұнда құсбегінің ата кәсіпті ұрпақтан ұрпаққа мирас етуі көрініс тапқан.

Ғасырдан-ғасырға сақталып келетін бүркітті аңға салудың дәстүрі бүгінде бәз баяғы қалпында сақталған. Мұны ұлттық өнер мен өткенге деген құрмет деп білемін.

Көрменің Назарбаев университеті қабырғасында қанат жаюы бекер емес. Өйткені, 2013 жылдың күзінде дәл осы жоғарғы оқу орнында Қытай Халық Республикасының төрағасы Си Цзиньпин алғаш рет Ұлы Жібек Жолы экономикалық белдеу тұжырымдамасын ұсынған болатын. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер