Мариинский театрының көрермендері «Париж Құдай Анасының Соборын» «Астана Опера» балет труппасының орындауында тамашаламақ. Қойылымдар 1 және 2 ақпан аралығында Санкт-Петербор қаласында өтеді. «Астана Опера» артистері бұған дейін де Ресейдің мәдени астанасында Мұқан Төлебаевтің «Біржан-Сара» операсы мен Джузеппе Вердидің «Аттиласын» сахналаған болатын. Енді тұңғыш рет әйгілі француз хореографы Ролан ПетИдің ауқымды балеті өнер сүйер қауымға ұсынылмақ. Неоклассикалық балет 1965 жылы Париж Операсындағы қойылымды дәлме-дәл қайталайды десе де болады. Бұған қоса, ерекше хореография мен көздің жауын алатын Ив Сен-Лоранның костюмдері бар.

АЛТЫНАЙ АСЫЛМҰРАТОВА, «АСТАНА ОПЕРА» БАЛЕТ ТРУППАСЫНЫҢ КӨРКЕМДІК ЖЕТЕКШІСІ:

«Париж Құдай Анасының Соборын» таңдауымыз бекер емес. Өйткені кез келген труппа мұндай балетті сахналай бермейді. Ол – өте ауқымды спектакль. Балет әртістері ғана емес, техникалық қызметкерлер де сахнаға шығады. Бәрін бір адамдай жасау керек. Қиын болғанымен, бұл өте қажет тәжірибе. Әртістер үшін де тың жұмыс.

Қойылымға екі құрам қатыспақ. Квазимодо партиясын Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Рүстем Сейітбеков пен талай халықаралық байқаулардың Гран-при иегері Бахтияр Адамжан орындайтын болады. Ал Эсмеральда рөлінде Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Мадина Басбаева мен Әйгерім Бекетаева. Әртістер Ресейдің мәдени астанасының басты театрында өнер көрсету үлкен жауапкершілік деп отыр. Ол өнер ошағында «Париж Құдай Анасының Соборы» 20 жылдан бері сахналанбапты.

БАХТИЯР АДАМЖАН, «АСТАНА ОПЕРА»ТЕАТРЫНЫҢ ЖЕТЕКШІ СОЛИСІ:

Санкт-Петербор қаласына біз толықтай дайын болып барамыз деп ойлаймын. Қобалжу болуы мүмкін, әрине. Жаңа сахнада жақсы өнер көрсету біздің труппаға қиын болады деп ойламаймын. Сондықтан бәрі жақсы болады деп ойлаймын.

ӘЙГЕРІМ БЕКЕТАЕВА, АСТАНА ОПЕРА»ТЕАТРЫНЫҢ ЖЕТЕКШІ СОЛИСІ:

Менің кейіпкерімнің мінезі өзіме жақын. Біз 2 айдай дайындалдық, бұл ұзақ уақыт. Өйткені музыка ерекше, оның әрбір әуенін ескеру керек. Бәрі тез ауысатын драмалық балет. 

Санкт-Петербордағы гастрольдерге 80 әртіспен қатар грим жасаушылар мен техникалық ұжым да барады. Шара «EXPO-2017» бағдарламасының аясында өтпек. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер