Соңғы жылдары қазақтың ұлттық спорт түрлеріне қызығушылық танытқандар көп. Жамбы ату Қазақта ежелден келе жатқан мергендік өнер. Ортаға малдың терісі керіліп, оған күмістен жасалған тостаған ілінеді. Жігіт жарау атымен шауып өтіп бара жатып садағын тартып жебесін нысанаға дөп тигізуі керек.Уақыт та шектеулі. Аталған жарыстың ұлттық спорт тізіміне енгеніне екі жыл ғана болса да елімізде саланың қыр-сырын жетік меңгергендер жетерлік.

АЙТБЕК САРЫБАЙ, МЕРГЕН:

Аттың жылдамдығын бақылау керек. Жебені үлгеріп салу керек оқтап. Соның бәріне үлгеру керек. Жылдамдық керек. Денеңнің бәрі қимылдайды бұл спортта.

Еліміздің әр өңірінде теңге ілу, аударыспақ ойындарынан жарыстар жиі ұйымдастырылады. Мақсат – ұлттық спорт түрін бұқараландыру.

ҒАНИ АХМЕТБАЕВ, БАС ТӨРЕШІ:

Жамбы атудан әлем чемпионаттары өтіп жатыр. Соған осындай іріктеу жарыстарынан кейін анықталған үздіктеріміз соған жолдама алады. Үлкен жарыстарда біздің халқымыздың қазақ мемлекетінің атын жоғары деңгейде көрсететеді деген үміттеміз.

Соңғы кезде этномәдени бірлестік өкілдері бешбармақты насихаттауға ат салысып жүр. Түрлі ұлт өкілдері өзінше ет асып, дастархан жаюды дәстүрлі шараға айналдырған. Мақсат – барша этностарды қоғамдық бастамаларға тарту. Былтырдан бастау алған шара бұл жылы джа жалғасын таппақ.

ЛАТИФША АСАНОВ, ОБЛЫСТЫҚ ТҮРІК ЭТНОМӘДЕНИ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Қазақстанда тұратын басқа ұлттардың қазақ тілін жақсы меңгергенін, меңгеріп қана қоймай оның тамақтарын да дәстүрлерінде дұрыс меңгере білетінімізді көрсетіп отырмыз. Мұндағы ет асу, бас қою, жамбас, құрт мәйсөк соның барлығын көрсетіп отырмыз.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Пікірлер