Бүгінде Қытай Халық Республикасында 12 мыңнан астам қазақстандық студент білім алып жатыр. Олардың басым бөлігі осы елдің грантын ұтып алған. Бір ғана Гонконг Политехникалық Университетінде 50-ден астам отандасымыз оқиды. Солардың бірі Назарбаев зияткерлік мектебінің түлегі – Асқар Әбдірайым. Инженерлік авиация мамандығын меңгеріп жатыр.

АСҚАР ӘБДІРАЙЫМ, ГОНКОНГ ПОЛИТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ СТУДЕНТІ:

Қазақстан студенттеріне грантты «Бір белдеу – бір жол» бағдарламасы аясында ұсынады. Ол грантар әр түрлі болуы мүмкін. Яғни, оқуы тегін және степендия берілетіні бар. Тек оқуы тегіндері бар және оқуын жартылай төлейтіні бар. Менікі оқуым тегін. Осы Университет соңғы жаңалықтарды өзі шығарады, соңғы зерттеулерді қолданады және сол барлық мүмкіншіліктерді пайдаланып Қазақстандағы инженерлік саланы дамытуды көздеп отырмын.

Политехникалық Университет Президенті Тон Тимотти «Қазақстандағы ЖОО әріптестік байланысқа дайынбыз»,-дейді. Соның ішінде өзара студент алмасуға әзір. Әсіресе, қазақстандық ғалымдармен бірлесіп зерттеу тобын құруға ниетті.

ТОН ТИМОТТИ, ГОНКОНГ ПОЛИТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

Соңғы үш жылда толыққанды бакалаврға 50-ден астам қазақстандық студент қабылданды. Тағы оншақты студент екі жақты алмасу бағдарламасы бойынша білім алып жатыр. Олардың басым бөлігі осы Гонконг Политехникалық Университет тарапынан бөлінген грант арқылы білім алуда.

Шетелде алған білім жемісін бере бастады. «Болашақ» бағдарламасының түлегі, танымал журналист Қанат Әуесбайдың Кэмбриджде «Батыс көрген. Ұлыбритания қазақтың көзімен» атты кітабы жарыққа шықты. 10 бөлімнен тұратын шығармада автор Британиядағы өмірді асыра мақтап, туристік анықтама бермейді. Керісінше ондағы өмір сүру қағидаларын төмендетпей Қазақ елінің абыройын асыруға тырысыпты. Қазақ және ағылшын тілінде жазылған туынды мың дана таралыммен шыққан. Айта кетейік, «Болашақ» бағдарламасымен білім алған қазақстандық түлектер арасында Қанат Әуесбай алғаш болып кітап шығарды.

ҚАНАТ ӘУЕСБАЙ, ЖУРНАЛИСТ, «БОЛАШАҚ» БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ ТҮЛЕГІ:

Өзіміз оқып жүрген шетелдік университетте қазақстандық бірде бір автордың кітабын таба алмай дал болғаным бар. Сол кезде жоқ болса, неге жазбасқа деген ой келді. Бұл тек Ұлыбритания туралы ғана емес. Қызметтің барлық түрін Қазақстанмен салыстыра отырып, салғастыра отырып жаздым. Ұлыбританиялықтар өздері туралы оқи отырып, біз туралы мәлімет ала алады.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер