Қарағандылық спортшылар алдағы 28-дүниежүзілік қысқы универсиада ойындарына қарқынды дайындалып жатыр. 29 қаңтарда Алматыда басталатын дүбірлі додаға аймақтан 8 спортшы қатысады.

ВИКТОР СОЛОВЬЕВ, ЖАТТЫҚТЫРУШЫ:

Барлық сайыстың өз орны болса, универсиаданың біз үшін маңыздылығы зор. Тынымсыз дайындық пен төгілген тердің арқасында  спортшыларымыз көк туымызды желбіретіп жатса, біздің де еңбегіміздің жанғаны. Шәкірттеріміз үмітімізді ақтайды деп сенемін.

Жеңіске деген құштарлық спортшыларғадың жігерін жаниды. Кәсіби шеберліктері мен дайындығы ұштасқан спортшылардың тұғырдан көрінуге деген талпыныстары жақсы. Биатлоннан кенді аймақтың намысын қорғайтын 19 жасар Теміртаулық Людмила Ахатова күнді-түні тер төгіп, дүбірлі додаға барынша дайындалуда.

ЛЮДМИЛА АХАТОВА, БИАТЛОНШЫ:

Мен үшін универсиадаға қатысуға тұңғыш мүмкіндік болып отыр. Осыған дейін Петропавл қаласында өткен ел біріншілігі мен 7-қысқы спартакиадада жеңіске жеттім. Ендігі арманым – Алматыда топ жарып, биік тұғырдан көріну.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Пікірлер