Ақмола облысында қысқы туризм кең қанат жайып келеді. Бұған, аймақтағы демалыс орындарының жыл бойы қызмет көрсетуге көшкені дәлел. Мәселен, бүгінде өңірде 300-ден астам туристік нысан бар болса, олардың төрттен бірі қыс мезгілінде де жұмыс істейді.Бұғылар Ресейдің солтүстігінен алып келінген. Мұнда келген демалушылар, зообақтағыдай емес, тордың арқы бетінен емес, жақындап, тіпті тамақтандыра алады.

ГҮЛНӘР ҒАЗИЗОВА, АСТАНА ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Біз жыл сайын осы Щучинск қаласына, Бурабайға келіп демаламыз. Мұнда бізге ұнайды. Таза ауа. Аттармен, хаскилармен үнемі суретке түсіп, көңіл көтеріп. Шетелден гөрі өзіміздің осы Бурабай ұнайды. Таза ауа көңілімізге жағады. Сол себепті осы жаққа ғана келеміз.

Демалушылардың бұл иттерге деген қызығушылығы өте ерекше. Шана сүйрейтін Хаски иттері де осыдан 4 жыл бұрын Мәскеуден әкелінген екен. Бірақ, мамандар қазір оларды осы жерде көбейтіп жатыр.

ВЛАДИМИР КАМАЕВ, КИНОЛОГ:

Менің міндетім – иттерді шана сүйреуге дайындау. Қазір 8 итім қатарда. Тағы 9 күшікті әзірге баптап жатырмын. Олар келесі жылдан бастап, шана тартуға жегіледі.

СВЕТЛАНА ЗАХАРОВА, ШҚО ТҰРҒЫНЫ:

Сіздерде қысқы демалыс жақсы дамыған екен. Бізде де осындай орындар көп болса екен. Балаларға да, ересектерге де барлық ойын түрлері қарастырылған. Бір сергіп қалдым.

Айта кетейік, Ақмола облысында қысқы демалыс орындары тек Бурабай ауданында ғана емес, Зеренді, Сандықтау, Ақкөл, Целиноград, Ерейментау және Қорғалжын аудандарында да бар. Ал, олардың қатары жыл санап көбейіп келеді. Себебі, жазы қысқа аймақта қысқы туризмді қолға алған өте тиімді,-дейді мамандар.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер