Құрылысы 2016 жылы басталған Ботаникалық бақ 2017 жылдың соңына дейін аяқталады, деп хабарлайды «Астана қаласының сәулет және қала құрылысы басқармасы» ММ.

Ботаникалық бақта ғылыми әзірлемелер жүргізіліп, танымдық, оқу-ағартушылық, көңіл көтеру, экологиялық және табиғат қорғау шаралары өткізіледі.

Бұл жерде тағамдық, техникалық, дәрілік, декоративтік өсімдіктердің экспозициялары құрылатын болады, бұл ағаштар, бұталар, лианалар, шөпті өсімдіктер, мүк, қына.

Елорда тұрғындары мен қонақтары Ботаникалық баққа жыл бойы келе алады. Нысан 100 га ауданда Қабанбай батыр даңғылы, Түркістан көшесі, № 24 және № 26 көшелердің шекараларында орналасатын болады.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер