16 қаңтардан бастап елорда аумағында террористік қауіптің бірқалыпты «сары» деңгейі алынып тасталды, деп хабарлайды Астана әкімдігі

Еске салсақ, 2016 жылдың 5 шілдесінен бастап ел аумағында террористік қауіптің бірқалыпты («сары») деңгейі белгіленген болатын. 

Бірқатар оперативті шараларды іске асыру барысында күш құрылымдары мен мемлекеттік органдар Астанада, Сондай-ақ, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан және Қарағанды облыстарында радикалды топтардың және «джихадизмнің» жекелеген жақтаушыларының қызметі ерте кезеңде  залалсыздандырылды. 

Профилактикалық шаралардың нәтижесінде халық көп жиналатын орындарда террористік шабуылдардың, құқық қорғау және арнайы органдардың қызметкерлеріне, әскери қызметкерлерге және азаматтық тұлғаларға шабуылдардың алды алынды.

Сонымен қатар, мемлекеттік органдармен бірлесе отырып халықты және маңызды нысандарды антитеррористік қорғау шараларының кешені іске асырылды. 

Қазіргі кезде терроризмге және экстремизмге қарсы тұру бағыты бойынша оперативті жағдай бақыланып отыр. Оның шиеленісуіне қандай да бір алғышарттар байқалып отырған жоқ. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер