«Астана» Халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Біріккен Араб Әмірліктеріне жасаған ресми сапары аясында осы елдің қаржы институттарымен ынтымақтастық Меморандумдарына қол қойды

Бүгін Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаев Біріккен Араб Әмірліктеріне (БАӘ) жасаған ресми сапары аясында БАӘ астанасындағы еркін сауда орталығында болды, онда Абу-Даби Глобал Маркет (АГДМ) Қаржы орталығы мен «Астана» Халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) Ынтымақтастық пен түсіністік Меморандумына қол қойғанын мәлімдеді.

Қол қойылған құжат қаржылық, оның ішінде банктік қызмет, құнды қағаздар рыногі мен қаржы рыногін реттеу және дамыту бойынша тәжірбие алмасуға ықпал етеді деп жоспарланып отыр.

Тараптар айтқандай, осы келісімнің аясында АДГМ мен АХҚО арасында қаржылық орталықтарды дамытуға бағытталған бірлескен жобаларды жүзеге асыру көзделген.

Абу-Даби Глобал Маркет Қаржы орталығының Төрағасы Ахмед Аль Saйех ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қаржы орталығына келуіне алғысын білдіріп, оған қоса АДГМ мен АХҚО-ның экономиканы әртараптандыру бойынша мақсаттарының ұқсас екендігіне тоқталып, сол үшін тәжірбиемен бөлісудің маңыздылығын айтты.

Сонымен қатар, Қазақстанның бизнес өкілдерінің АДГМ арқылы БАӘ капитал нарығына және Парсы шығанағы елдеріне шығу мүмкіндіктеріне де тоқталды.

АХҚО Басқарушысы Қайрат Келімбетов АХҚО мақсаты Қазақстан мен аймақтағы қаржылық қызметтің халықаралық талаптарға сәйкес дамуына және өсуіне ықпал ету екендігіне тоқталды.

«Біз қаржылық қызмет саласы бойынша БАӘ арасындағы ынтымақтастықтың жаңа деңгейге көтерілуіне аса қуаныштымыз, Астанада әлемдік деңгейдегі қаржылық орталық құру кезінде Абу-Дабидің жағымды үлгісіне назар салмақпыз. Қол қойылған Меморандум қаржылық рыноктарды әрі дамыту үшін, өзіміздің экономиканы және серіктес экономикаларға қызмет ету үшін екі қаржылық орталыққа бірлескен бастамалармен жұмыс істеуге ықпал етеді деп сенеміз»,- деді Қ.Келімбетов.

Қ.Келімбетов, сонымен қатар, Дубай Халықаралық қаржы орталығы Басқарушысы Иса Казым, Дубай ислам экономикасын дамыту орталығының Бас атқарушы директоры Абдулла Мохаммад аль-Ауаар, Calatrava International компаниясының Бас директоры Микаэл Калатравамен кездесіп, келіссөздер жүргізді.

Кездесулер мен келіссөздердің нәтижесінде АХҚО мен аталған ұйымдардың арасында екіжақты Ынтымақтастық Меморандумдарына қол қойылды.

Қол қойылған Келісімдер ислам экономикасы мен қаржы саласындағы ынтымақтастықты әрі қарай жандандыра түседі деп жоспарланып отыр. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Пікірлер