Елімізде кәсіпкерлікке бет бұрғандар қатары күн санап артып келеді. Соңғы 6 жылда «Бизнестің жол картасы» бағдарламасы бойынша бизнесмен атанғандар 7 мыңға көбейген. Кәсіп ашуға бел буғандарға «Даму» қоры әрдайым кеңес беріп, жөн сілтеуге әзір. Жангүл Телбаева Астанада аяқ киім өндірісін жолға қойған кәсіпкерлердің бірі. Бұрын тауарды Түркиядан әкеліп саудалайтын. Уақыт өте өзі осы іске білек сыбана кірісті. «Даму» қоры қолдап, оған банк алдында кепілдік берді. Бүгінде шағын цехы күніне кемі 8 аяқ киім тігеді. Тауар сапасы шетелдік өнімнен аспаса, кем түспейді.

ЖАНГҮЛ ТЕЛБАЕВА КӘСІПКЕР:

Мынау біздің қысқа арналған. Термо деп аталады. Ішінде адамның температурасын сақтап, сырттан суық, іштен жылу шығармайтын табан. Қазақстандық пайызы көп болсын деп жұмыс істеудеміз.

Әшекей бұйым шығаратын бұл цехтың тарихы ширек ғасырдан асады. Отандық зергерлік тауарға қазір сұраныс жоғары. Неке жүзігі, сырға, оюмен өрнектелген білезіктердің сан түрі сөреде самсап тұр. Бұл компания да кәсібін кеңейту үшін мемлекеттік бағдарламаның көмегіне жүгінді. Өндіріске қажет шикізатты алу үшін несие рәсімдеген. 

ӘСЕЛ НАЛЫБЕКОВА ЗЕРГЕРЛІК КОМПАНИЯНЫҢ ӨКІЛІ:

Қазіргі уақытта даму қорынан айналым құралдарына көмек алдық 7 пайыз субсидия бойынша, сол құралдармен қазір жұмыс істеп жатырмыз. 0119 Әрине, бұл үлкен көмек болып саналады бізге. Сондықтан айналым құралдарын біз шикізатқа қолдандық.

2010 жылдан бері «Даму» қоры қаржы агенттігі ретінде бағдарламаны белсенді түрде жүзеге асыруға тікелей ат салысып келеді. Бүгінге дейін 7 мыңнан астам қазақстандық кәсіпкер субсидия және кепілдік ретінде мемлекеттік көмекке ие болған.

ДАНА ТӘУІПБАЕВА «ДАМУ» КӘСІПКЕРЛІКТІ ДАМЫТУ ҚОРЫ» АҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ МЕНЕДЖЕРІ:

Жас кәсіпкерлердің саны көбейді. Сонымен қатар, жергілікті деңгейде әкімшілікпен Даму қоры бірігіп отырып әр аймақта белгілі бір мөлшерде нүктелі түрде, мақсатты түрде ақша бөлініп, өзінің аймақтарын дамытуға үлесін қосып жатыр.

Жыл басынан бері Астананың өзінде 62 жоба кепілдік бойынша мақұлданған. Соның арқасында Жангүл Телбаева сияқты еңбегінің зейнетін көріп отырғандардың қатары артып келеді.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Пікірлер