Шымкентте қарапайым инженер мен дәнекерлеуші сиырдың қиынан био-газ алатын модульді жүйені жасап шықты. Қос өнер иесі 30 тонналық алғашқы реакторды ашық аспан астында құрастырыпты. Қондырғы ауа-райын талғамайды. Яғни жыл он екі ай жұмыс істей береді. Бір ерекшелігі шикізат ретінде тек ірі қара малдың қиын ғана қолданады. Өйткені одан бөлінетін метан қөмір қышқыл газына қарағанда қоршаған ортаға әлде қайда зиынды екен.

САЛАУАТ ДАУЫЛБАЕВ, ИНЖЕНЕР-ЭЛЕКТРОНШЫ:

Орта есеппен шыққан 30 тоннадан күніне 480 куб таза метан ауаға кетеді. Ол жоғары азон қабатын былғап қоршаған ортаға зияны өте күшті. Метан көмір қышқыл газына қарағанда 28 есе қоршаған ортаға зиянды. Сондықтан малақты утилизация жасап жатырмыз.

АСЛАН ТҰРСЫНХАНОВ, ДӘНЕКЕРЛЕУШІ:

Осы биомассаны болашақта өзінен шыққан газынан өзінен шыққан жарығымен өзін өзі қамтамасыз ететін жағдайға жеткіземіз. Және биомассаны негізгі мақсатымыз ауыл шаруашлығына және жылыжай шаруашылығында қолдану.

Ал Оңтүстік Қазақстандық тракторшылар желден қуат алатын қондырғы ойлап тапты. Қос механизатор тың туындыларын патенттеп «EXPO»-ға жолдапты. Қолдау тауып сұраныс болып жатса, сызбаны дайын өнім етіп шығармақ ниеттері бар. Әзірге мұндай құрылғының баламасы жоқ және экологиялық тиімді. «Ең бастысы оның бағасы шаруаларға қолжетімді болады»,-дейді өнертапқыш.

ЖҰМАБЕК ТӘКІБАЕВ, ӨНЕРТАПҚЫШ:

«EXPO»-ға біз өз үлесімізді қосқымыз келді. Қарасақ ауыл шаруашылығында, шопан, диқандарға тоқ көзі керек. Олар мысалы генератордың көмегімен су тартуы керек. Алқаптарды суғарулары қажет. Жер асты суларын тартуы керек.Оларға тоқ көзін жеткізу қиын әрі қымбатқа түседі. Сондықтан біз осыны ойлап таптық.

Төрт жылда жүздеген сызба сызып, көз майларын тауысқан. Ақыры соңғы байламға тоқтапты. Діңгекке шығыршықтармен тігінен алты қалақша ілінеді. Олар желдің күшімен айналады. Ал, діңгектің астыңғы жағына орнатылған үш генератордың тұтастай өндірісті жарықпен қамтамасыз етуге күші жетеді екен.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Пікірлер