Қазақстандық компаниялар өнімдерінің экспортын ұлғайтуға мүдделі. Шет ел асырылатын тауарлар көлемін арттыру үшін отандық кәсіпкерлер халықаралық тәжірибелерді белсенді қолдануда. Мәселен Ақмола облысындағы керамикалық кірпіш шығаратын зауыт. Өткен жылы кәсіпорын  168 мың кубметр керамкалық кірпіш шығарған. Тек Қазақстан аумағына ғана емес, Ресейге де тасымалданады.

МЫРЗАБАЙ АБДІХАЛЫҚОВ, КІРПІШ ЗАУЫТЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

Енді еуростандарт бойынша, еурокірпіштер шығарамыз. Қазір нарықта еуропалық, ресейлік және украиндық кірпіштер өтімді. Солармен бәсекелес болсақ дейміз.

Ал Қарағандыдағы машина құю-құрастыру зауыты 26 жаңа заманауи қондырғы орнатып, жаңа жылда өнім көлемін бес есеге арттырмақ. Жалпы кәсіпорын толық қуаттылыққа жету үшін барлығы 98 қондырғы орнату керек. 100-ге жуық жаңа агрегаттар орнатқандықтан, 500-ден аса жаңа жұмыс орны ашылды. Зауыт тау кен мен мұнай газ саласына қажетті бұйымдарды өндіреді. Келешекте алыс жақын шет елдергеде өнім тапсыруды көздеп отыр.

СЕРГЕЙ ЖАБИН, ЗАУЫТТЫҢ ТЕХНИКАЛЫҚ ДИРЕКТОРЫ:

Егер зауыт осы күнге дейін өнімнің 5 мың түрін шығарып келсе, алдағы уақыттарда он бес мың  түрін шығаратын болады. Бұл бұйымдар сұранысқа ие болғандықтан, шетелден түскен тапсырыстарды да орындаймыз. Кәсіпорын толық қуаттылыққа жеткенде қосымша жаңа жұмыс орындары пайда болады.

Павлодар облысында да 2016 жылы өнеркәсіп көлемі 10%-ға өсті. Аймақ диқандары астық дақылдарын 40%-ға, ал қарақұмықты 100%-ға артығымен жинады. Ет экспортында өсім бар. Биыл мемлекеттің қолдауымен халықаралық маңызы бар жобалар жүзеге асырылып, облыспен қатар, мемлекет экономикасының дамуына серпін берді. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Пікірлер

var _zero_kz_ = _zero_kz_ || []; _zero_kz_.push(["id", 55976]); _zero_kz_.push(["type", 1]); (function () { var a = document.getElementsByTagName("script")[0], s = document.createElement("script"); s.type = "text/javascript"; s.async = true; s.src = (document.location.protocol == "https:" ? "https:" : "http:") + "//c.zero.kz/z.js"; a.parentNode.insertBefore(s, a); })(); //-->