Биылғы жыл еліміздің ауыл шаруашылығы саласы үшін табысты болды. Егін алқаптарынан 24 миллион тоннаға жуық астық жиналып төрт түліктің басы көбейді. Оның үстіне бір жылдың ішінде құны миллиардтаған жобаны қолға алып ата кәсіпті жалғастырған еңбеккерлер аз емес. Жалпы 2016 жылы елімізде төрт түліктің барлық түрі көбейді. Әсіресе, қойдың саны қомақты.16,8 млн. Жылқы жануары 2 миллион 170 мыңға жуықтаса, ірі қара 6 миллион 482 мыңға жеті. Ойсылқара төлі 176 мыңнан асты. Ал егін шаруашылығында еңбек еткендер қамбаға 24 миллион тоннаға жуық астық құйды. 2017 жылы бұл көрсеткіштер жаңа жоспарлар нәтижесінде еселене түсуі тиіс.

НҰРБОЛАТ МАҚАШЕВ, ҚР АШМ БАСҚАРМА БАСШЫСЫ:

Алдағы уақытта бидайдың егістік алқабын азайту және майлы дақылдардың, жем-шөп дақылдарының көлемін арттыру жоспарланып отыр.

Атырау облысында да соңғы жылдары ұсақ малдың басы айтарлықтай өсіп келеді. Махамбет ауданының бір ғана Бейбарыс ауылының өзінде биыл жарты мыңға жуық қой-ешкі күйекке түсті. Өткен жылдың аяғында мемлекеттік бағдарлама арқылы 6 млн теңге алған тағы 2 жаңа шаруашылық қатарға қосылды. Бұл үрдіс биыл да жалғасын таппақ. Ауыл кәсіпкерлері енді біртіндеп мал басын асылдандыруды жоспарлап отыр.

ӘМІРЖАН ҚАПАНОВ, ШАРУАШЫЛЫҚ ЖЕТЕКШІСІ:

Биыл тәжірибе ретінде 30-шақты қойды қаңтарда туатын қылып, қошқар қосқанбыз. Енді оның алды туып жатыр, бастап. Бұлар енді сәуір-мамыр айларында сатуға келеді ғой. Кішкене өзімізге қаражат болсын деп несиені қайтару керек. Сондай бағытта жұмыс істеп жатырмыз, енді.

Жамбыл облысында бірінші деңгейлі мал бордақылау алаңдары көбейіп келеді. Бұл – мемлекеттен мал шаруашылығын дамытуға жасалып отырған нақты қолдаудың нәтижесі. Мәселен, мына көпсалалы шаруа қожалық жақында бірінші деңгейлі мал бордақылау алаңының құрылысын аяқтады. Бастапқыда мұнда әр 4-5 айда 1500 басқа дейін мал бордақылау жоспарланып отыр. Ал жылына мың тоннаға дейін ет өткізуге қауқары бар.

МАРАТ ӨТЕГЕНОВ, ШАРУА ҚОЖАЛЫҒЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ:

Ет жергілікті магазиндерге шығарылады. Одан бөлек Иранға да жіберілді әуежайдан. Экспортқа шығып жатыр. Бұл облысымыздың кейінгі бағдарламаға сәйкес жасалып жатыр. Одан бөлек өзіміздің зертхана бар. Сол зертхана барлық жағынан тексеру несі өтеді.

Жалпы өңірде алты бірінші деңгейлі мал бордақылау алаңы бар. Өткен жылы облыста 50 мың тоннадан астам ет өндірілсе, оның бес мыңнан астамы осы бордақылау алаңдарында дайындалған. Айта кету керек, былтыр аймақтан 500 тоннаға жуық ет экспортқа шығарылған. Оның 85 пайызы көрші Қырғыз еліне, ал 15 пайызы Біріккен Араб Әмірлігіне жөнелтілген. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер