Қостанайдағы инновациялық ғылыми-зерттеу орталығының ғалымдары ғылыми жұмыстарының нәтижесін өндірісте жүзеге асырмақ. Мемлекеттік университетке қарасты орталықта 4 зерттеу бөлімі жұмыс істейді. Олар соңғы екі жылда «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында жалпы құны 380 млн теңге тұратын заманауи инновациялық жабдықтарға қол жеткізді. Ғылыми орталық қазір аккредитациядан өтуге әзірлік үстінде. Мұнда жас мамандарға шетелдік оқу ордаларында білімін жетілдіріп, ғылыммен айналысуына бар мүмкіндік жасалған. Бүгінде бір ғана молекулалы-генетикалық бөлімінің өзі 70 млн теңгенің грантын жеңіп алып, 14 жоба бойынша жұмыс істеп жатыр.

ИНДИРА БЕЙІШОВА, ҚМУ ҒЫЛЫМИ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БӨЛІМ МЕҢГЕРУШІ:

Осы қаржылардың аясында біздің ауыл шаруашылық малдарының шаруашылыққа пайдалы қасиеттерін анықтайтын гендік маркерлерді құрастыру, сонымен қатар астық дақылдарында кездесетін әртүрлі потогендік саңырауқұлақтарды диагностикалауға арналған отандық препараттарды жасау, сонымен қатар гоманальді азық-түлік өнімдерінің қауіпсіздігін анықтау үшін ғылыми жобалар жасап жатырмыз.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Пікірлер

var _zero_kz_ = _zero_kz_ || []; _zero_kz_.push(["id", 55976]); _zero_kz_.push(["type", 1]); (function () { var a = document.getElementsByTagName("script")[0], s = document.createElement("script"); s.type = "text/javascript"; s.async = true; s.src = (document.location.protocol == "https:" ? "https:" : "http:") + "//c.zero.kz/z.js"; a.parentNode.insertBefore(s, a); })(); //-->