Елімізде тұңғыш рет «Мен инженермін» инновациялық жобасы іске қосылды. Бұл Шығыс Қазақстандағы білім беру саласының жетістігі. Өңір оқушылары мектеп қабырғасында жүріп-ақ, жаңа технологияны игереді, робототехника мен бағдарламалаудың да қыр-сырына қанығады. Жоба Өскемендегі облыстық физика-математикалық лицейінің бастамасымен жүзеге асуда. Еліміздегі мемлекеттік IT индустрияны дамыту бағдарламасына негізделген лицейдің тәжірибесі көпке үлгі.

САЙРАМГҮЛ ЖҰМАДІЛОВА, ШҚО БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Бұл мектеп «Дарынды мектеп» бағдарламасы бойынша негізгі мектеп болып табылады. Өзіне 18 аудан-қалалардың мектептері жұмылдырылған. Қазіргі таңда бұл мектептің іс-тәжірибесі облысқа таратылады. Инженерлік, зияткерлік бағыттарда жалғастырылуда.

Лицей шәкірттерінің технологияға икемі бастауыш сыныптан-ақ байқалады. 6 жасар Антон Слугин жасаған еліміздің шағын мұражайы соған дәлел.Ал, Ксения Клыгина жастайынан ғарыш әлеміне қызығады. Ол өзі жасаған құлтемірге «Айкезбе» деп ат қойыпты.

КСЕНИЯ КЛЫГИНА, ОҚУШЫ:

Алғашқы ғарышкер Ғарышқа қазақ даласынан ұшқаны белгілі. Мен сонымен мақтанамын. Осындай құлтемірлерді жасау маған ұнайды.

Ал Алматы мен Астананың ең дарында жоғарғы сынып оқушыларына отандық IT-компаниялары жұмыс ұсынды. Оқушылар осы айдың басында, Ресейде өткен 17- компьютерлік білім олимпиадасының жеңімпаздары. Халықаралық бәсекеде, қазақстандық балалар 200-ден астам оқушының арасынан үздік шықты. Турнир кестесіне сәйкес Санжар Бидайбек, Асхат Жалғасов пен Нұрбақыт Мәдибек 11 есептің 9-ын дұрыс шығарған. Оқушылардың бұл жетістігінен хабардар болған отандық компаниялароларға жұмыс ұсынып, болашақта жоғарғы оқу орнының ақысын төлеуге уәде етті.

НҰРБАҚЫТ МӘДИБЕК, БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ ЛИЦЕЙІНІҢ ОҚУШЫСЫ:

Шетелде болатын халықаралық олимпиадалар әрқашан пайдасын тигізеді. Егер өмірлік жағынан да, өзің үшін тәжірибе алғаныңа да , болашаққа да пайдасын тигізеді.

Ақтөбеде алғаш рет технологиялық саябақ ашылды. Ауқымды зертханалық базада облыстың үздік ғалымдары кәсіпорындардың өндірістік сұранысына сай ғылыммен шұғылданады.

ҚУАНТАЙ ӘБДІҚАЛЫҚОВ, УНИВЕРСИТЕТ ПРОРЕКТОРЫ:

Бұл технопарк Қазақстанда жеке ЖОО-ның арасында бірінші рет ашылып отыр. Және зертханалар да ашылды. 3 ғылыми зертханалар ашылып жатыр. Бағыттары - энергетика, ІТ-технология, мұнай-газ, экология және роботехника жағдайларын біз зерттейміз.

Саябақта ғылыми кітапхана, инновациялық жобалар мен жоғары технологиялық еңбектер көрмесі сондай-ақ, бірнеше зертхана орналасқан. Техникалық саябақ орналасқан университет халықаралық әріптестікте зор тәжірибеге ие. Оның арасында Ресей, Қытай, Корей, Өзбекстан мен Грузия бар.



Пікірлер

var _zero_kz_ = _zero_kz_ || []; _zero_kz_.push(["id", 55976]); _zero_kz_.push(["type", 1]); (function () { var a = document.getElementsByTagName("script")[0], s = document.createElement("script"); s.type = "text/javascript"; s.async = true; s.src = (document.location.protocol == "https:" ? "https:" : "http:") + "//c.zero.kz/z.js"; a.parentNode.insertBefore(s, a); })(); //-->