Астанада Жанна Нөгербекованың «Таң» атты жеке көрмесі ашылды. Жас мүсіншінің туындылары шынайылығымен, сезімнің тереңдігімен ерекшеленеді. «Елден алыста болғанымның әсерінен ұлттық нақыштағы туындыларды жиі жасаймын»,-дейді Жанна. Ол – Репин атындағы Санкт-Петербург мемлекеттік көркемсурет, мүсін және сәулет институтының студенті. Жас болса да, 17 көрмеге қатысып, жартысында жүлдеге ие болған. Бұл жолы көрме экспозициясы түрлі техникамен жасалды. Автор қоладан бастап қағазға дейін қолданған. Айтпақшы, бұл – Жаннаның өзіндік қолтаңбасы. Көрмеге қойылған «Абай» және «Шоқан Уәлиханов» туындылары оның станокты пластика әдісін шебер меңгергендігін білдіреді. Алайда «Жайлау» туындысы көзге ерек көрінеді. Ауада қалықтаған отар қой суреттелген жұмыстан даланың самал желі сезілетіндей,-дейді келушілер. Болашақта мүсінші бұл жұмысының көлемін ұлғайтып, ауқымды композицияға айналдыруды жоспарлауда.

ЖАННА НӨГЕРБЕКОВА, МҮСІНШІ:

Бұл жұмысым келушілердің көңілінен шығады деп ойлаймын. Оны жасауға шамамен жарты жылдай уақыт жұмсадым

СЫРЛЫБЕК БЕКБОТАЕВ, СУРЕТШІ:

Ол жұмысы өте жақсы жасалған. Қазақтың рухын, даласын, қазақтың жерін білдіреді. Ешқандай тіреулерсіз жасалған. Шопанның образы жақсы келтірілген.



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер

var _zero_kz_ = _zero_kz_ || []; _zero_kz_.push(["id", 55976]); _zero_kz_.push(["type", 1]); (function () { var a = document.getElementsByTagName("script")[0], s = document.createElement("script"); s.type = "text/javascript"; s.async = true; s.src = (document.location.protocol == "https:" ? "https:" : "http:") + "//c.zero.kz/z.js"; a.parentNode.insertBefore(s, a); })(); //-->