Біріккен Ұлттар Ұйымының Нью-Йорктегі штаб-пәтерінде алғаш рет шоколад фестивалі өтті. «Тәтті сайысқа» қатысқан қазақстандық өнім «Әлемдегі ең тәтті шоколад» деп танылды. Кешке келгендер сүт, жеміс-жидек пен жаңғақ қосылған саналуан кондитерлік өнімдерден ауыз тиді. Мыңдаған дәмдер арасында қазақы дастарханға елдің назары ерекше ауды. Біздің кондитерлік фабрикалар жеткізген тәттілер талайды таңдай қақтырды. Австрияның Біріккен Ұлттар Ұйымы жанындағы тұрақты өкілі Ян Киккерт «қазақ шоколады тәттілігі жағынан Бельгия және Швейцария өнімдерінен асып түсетінін айтты. Ал оның словакиялық әріптесі Франтишек Ружичка қазақстандық шоколадты «адамға көтеріңкі көңіл-күй сыйлайтын баламалы энергия көзі» деп атады.

Astana Motorsporтs «Дакар»-дың барлық қатысушылары мен қонақтарына демалыс күні ет асып, бешбармақтан дәм татқызды. Асты даярлауға қажетті қой етін, пияз, сәбіз және басқа да азық-түлікті олар Боливия Астанасынан сатып алса, қызыны арнайы Шымкенттен өздерімен бірге ала келген. Алда ралли-рейд қатысушыларын жетінші кезең күтіп тұр. Ауа-райы жағдайына байланысты оны қысқартты, енді ол 800 шақырым қашықтық.

АРТУР АРДАВИЧУС ASTANA MOTORSPORТS КОМАНДАСЫНЫҢ КАПИТАНЫ:

Біз 2011 жылдан бері әр «Дакар» сайын көпшілікке бешбармақ пісіреміз. Алғаш рет дастарханымызды Аргентинада жайған едік. Сол керемет дәстүрді жалғастырып келеміз.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Пікірлер