Әлемдік геосаяси картада Орталық Азия аймағының орны ерекше. Биыл батыс пен шығыс әлемін байланыстырып тұрған аймақтың даму бағдары қандай болады? Қазақстанның стратегиялық даму орталығының сарапшылары аймақтың дамуына әсер ететін 10 негізгі оқиғаға шолу жасады. «Біріншіден Орталық Азияда демографиялық өсім деңгейі ұлғаяды»,-дейді сарапшылар. «Егер 25 жыл бұрын өңірде 51 млн халық тұрса , биыл бұл көрсеткіш 70 млн-нан асуы мүмкін.

ЕРЛАН ҚАРИН, ҚАЗАҚСТАННЫҢ СТРАТЕГИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕР ИНСТИТУТЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

Сосын биыл шолуға енгізіп отырған тағы бір көрсеткіш – орталық Азия аймағында тұрғындардың 50 пайызы кем дегенде интернетке және әлеуметтік желілерді кеңірек қолданатын болады. Бұл да жаңа шынайылықты қалыптастыратын болады. Бұл жағдаймен де жергілікті биліктер, республикалар үкіметтері қалай болғанда да өздерінің саясаттарында ескеру керек болады.

Сонымен бірге биылғы жылы Астанада өтетін Халықаралық «EXPO-2017» көрмесі, Алматыдағы бүкіләлемдік универсиада, Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммиті, Қытай мен Ресейдегі ішкі саяси реформалардың жүзеге асуы, Түркиядағы мемлекеттік биліктегі модернизация мен Ирандағы президент сайлауы аймақтағы саяси-экономикалық дамуға әсер етпей қоймайды»,-дейді отандық саясаттанушылар.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер

var _zero_kz_ = _zero_kz_ || []; _zero_kz_.push(["id", 55976]); _zero_kz_.push(["type", 1]); (function () { var a = document.getElementsByTagName("script")[0], s = document.createElement("script"); s.type = "text/javascript"; s.async = true; s.src = (document.location.protocol == "https:" ? "https:" : "http:") + "//c.zero.kz/z.js"; a.parentNode.insertBefore(s, a); })(); //-->