KOTRA ұйымында ресми Астана мен Сеулдің экономикалық ынтымақтастығы талқыланды. KOTRA – Оңтүстік Кореялық саудаға ықпал ететін агенттік. Ұйымның мәліметі бойынша 2016 жылы екі елдің шикізат айналымы көбінесе құрылыс саласында өрбіген. Ал, 2017 жылға жағымды болжам жасап отыр.

ПАК ДЖИ ВОН, KOTRA-НЫҢ ЕУРАЗИЯ ЭКОНОМИКАСЫН ЗЕРТТЕУШІСІ:

Нұрсұлтан Назарбаев Сеулге келген кезде меморандумға қол қойды. Соның арқасында біз сауда-саттық көлемін инвестициялар арқылы ұлғайта аламыз. Қазақстан үкіметі өндірісті дамытуды қолға алды. Сондықтан да кореялық компаниялар қазақстанның өндіріс саласына қаржы құюға дайын. Оның үстіне Қазақстан 2017 жылы шикізат өндірісін күшейтпек. Бұл екі елдің сауда-саттығын одан әрі нығайта түседі.

Ал бірнеше жылдан бері Азиядағы ең ірі қаржы орталығы саналатын Гонконг та «Бір белдеу – бір жол» бағдарламасы аясында Қазақстанмен әріптестікті арттыруға қызығушылық танытып отыр. Қазақстан да өзара тиімді әріптестік орнатуға ниетті. Шет елден инвестиция тартып, қазақстандық компаниялардың халықаралық нарыққа шығуына да бұл әріптестік жақсы мүмкіндік береді.

РЭЙМОНД ИП, САУДАНЫ ДАМЫТУ КЕҢЕСІ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Жыл сайын Гонконг әлемнен жарты триллион АҚШ доллары көлеміндегі тауар импорттайды. Кезінде Қазақстан бұрынғы Кеңес Одағының азық түлік базасы болды. Қазір де Қазақстан таза, сапасы жоғары азық-түлік өнімдерін шығарады. Ал Гонконг болса үлкен нарық. Біз жылына құны 20 млрд. доллардан асатын азық түлік тұтынамыз».

Қазақстанның Еуропадан импорттап жатқан тауарлары Гонконгта өндіріледі. Келісім нәтижесінде соларды делдалсыз елге жеткізуге мүмкіндік тумақ.

Оңтүстік Қазақстан облысындағы Мақтарал ауданынан Өзбекстанға қатынайтын төте жол ашылатын болды. Бұл туралы Шымкентте өткен екіжақты басқосуда айтылды. М-39 автожолының қазақ жерінен өтетін бөлігін қайта жаңартып іске қосу жағы ерекше талқыланды. «Қатынас жандананатын болса екі ел арасындағы сауда-саттық пен туризмді дамытуға мүмкіндік туады»,-дейді мамандар. Шекаралы аймақта арнайы бекет салынып, тауар айналымына бақылау күшейтілгенімен салық салынбайды. Жаңарған жол биылғы жылдың ақпан айында ел игілігіне беріледі.

ИЛЬХОМ НЕЪМАТОВ, ӨЗБЕКСТАН СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІНІҢ ӨКІЛІ:

Біз игілікті бастамалармен келіп отырмыз. М-39 авто жолындағы қозғалысты жандандыру мәселесі бойынша кездесетін сұрақтарды талқыладық. Біз 98 жылы екі жақты келісімге қол қойған болатынбыз. Сол М-39 автожолының 24,3 шақырым пайдалану бойынша. Біз өз тарапымыздан Шардара жақта білесіздер Қазақстанға пайлануға 24,5 шақырым жол бердік. Бұйыртса жуық арада жолды іске қосып, қатынасты жақсартамыз деген ойдамын.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Пікірлер