Алматы облысының Алакөл ауданында өсімдік майын шығаратын жаңа зауыт ашылды. Жобаның жалпы құны 450 млн теңге. Соның үштен бір бөлігі «ҚазАгроҚаржы» акционерлік қоғамы арқылы қаржыландырылған. Зауыт тәулігіне 120 тонна шикізат өңдейтін қуатпен жұмыс істейді. Мәселен, бір тонна майбұршақты сыққанда одан 200 литрдей май алынады екен.

ЕРЖАН НҮСІПОВ, КӘСІПОРЫННЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ДИРЕКТОРЫ:

Қытайдан өте үлкен сұраныс. Өйткені біздің өнімді олар таза, табиғи, ешбір қоспа қосылмаған өнім деп санайды. Сондықтан да біз ойлап отырмыз өнімнің көп бөлігі Қытайға экспортқа кете ме деп. Жергілікті адамдарды жұмыспен қамту жағы жақсы ойластырылған. Орташа жалақы жүз мың теңгені құрайды.

Өсімдік майының 70-80 пайыздайы экспортқа шығарылса, қалған бөлігі ішкі нарықтың қажетіне жарайды. Бұл қалдықсыз өндіріс. Майбұршақ пен күнбағыс жомы құс фермаларына жөнелтіледі. Ол мал азығы ретінде де үлкен сұранысқа ие.

ЕРІК ЖҰБАНЫШБАЕВ, ҚОЖАЛЫҚ БАСШЫСЫ:

Мына өндіріс орны ашылғаннан бері қарай жиналған өнімді осы жерге өткізіп, өндіріске береміз деген ойдамыз.

Ақмола облысының Бурабай ауданында былтыр күзде ғана іске қосылған май зауыты өнім көлемін арттырып келеді. Өткен жылдың қыркүйек айынан бері мұнда 25 мың тонна шикізат өңделіпті. Ал, өнім негізінен экспортқа жіберіледі. Әзірге мұнда тек техникалық және медициналық кәдеге жарайтын май түрі шығарылады.

ДМИТРИЙ БЫКОВ, МАЙ ЗАУЫТЫНЫҢ БАС ИНЖЕНЕРІ:

Біздің негізгі сатып алушыларымыз – Қытай мен Ресей. Сосын әлбетте, өзіміздің нарық. Зығыр майы негізінен медицинада қолданылады. Ал, сығындысын мал азығына пайдаланады. Сондықтан, қазір екеуін де сатып отырмыз.

Өндірістен қалған сығынды да зор сұранысқа ие. Мал азығына әсіресе, тәжіктер көп қызығушылық танытатын көрінеді.

ВАСИЛИЙ БАРЕВИЧ, МАЙ ЗАУЫТЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

Сатылым аумағын одан әрі кеңейткіміз бар. Қазірдің өзінде Латвиямен байланыстамыз. Оларға екі рет жібердік. Барлығы да тапсырысқа байланысты.

Ал, өсімдік майынан осы айдың өзінде Тәжікстанға 450 тонна, ал, Қытайға 600 тонна жіберіліпті.



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер

var _zero_kz_ = _zero_kz_ || []; _zero_kz_.push(["id", 55976]); _zero_kz_.push(["type", 1]); (function () { var a = document.getElementsByTagName("script")[0], s = document.createElement("script"); s.type = "text/javascript"; s.async = true; s.src = (document.location.protocol == "https:" ? "https:" : "http:") + "//c.zero.kz/z.js"; a.parentNode.insertBefore(s, a); })(); //-->