Қытай Астана халықаралық көрмесіне қатысушылардың арасында бірінші болып Павильонын әзірлеу жұмыстарына кірісті. Павильонның тақырыбы «Болашақ энергиясы, жасыл Жібек жолы» деп аталады. Халықаралық көрмеге Қытайдың 24 аймағында жұмыс істеп жатқан үлкен энергетикалық компаниялар қатысады.

ВАН ТУНЬ, СЕСИНЬ КОРПОРАЦИЯСЫНЫҢ БӨЛІМ МЕНЕДЖЕРІ:

Біздің корпорация жаңа қуат көздерін өндіру мен қолданысқа енгізу бойынша Қытайда бірінші орында. Әлемнің көптеген елдерінде филиалдарымыз бар. Сесинь корпорациясы күн батареясын, табақшаларын шығарады. Қазір күн энергиясы генераторларын өндіре бастадық, осы саладағы стансаларға инвестиция саламыз. Сондықтан Астанада өтетін «ЕХРО»-ға қатысу арқылы әлемге өз компаниямыздың жетістігін таныстыруға мүмкіндік алдық. Халықаралық көрме баламалы қуат көздерін дамытуға үлкен серпін береді деп ойлаймын.

Көрме барысында көптеген іс-шаралар өткізіледі. Мәселен, энергетикалық, туристік саладағы қазақ-қытай қарым қатынасына арналған форум, әйгілі терракот әскерлерінің көрмесі және тағы да басқа мәдени шаралар жоспарланған. Қытайдың ұлттық комиссары Ван Цзиньчжэн дайындық жұмыстары жоспар бойынша жүргізіліп жатқанын айтты.

ВАН ЦЗИНЬ ЧЖЭН, ҚЫТАЙ ПАВИЛЬОНЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ КОМИССАРЫ:

ЕХРО көрмесі кезінде туризм, энергетика тақырыбында форум ұйымдастыру жоспарда. Оған Қытай кәсіпорындары өткізетін шараларды қосыңыз. Әрине, мұның бәрі Қазақстан мен Қытай арасындағы достықты нығайта түседі. Сонымен қатар, екі елдің өзара энергетика, экономика саласындағы әріптестігіне жаңа серпін берері анық. Біз ЕХРО көрмесін насиxаттауға кірісіп кеттік, алдағы уақытта да әр түрлі медия-құралдарын пайдаланып Астана көрмесі туралы ақпараттандыруды жүргізе береміз. Мен бұл жерде Қазақстан тарапынының үлкен қолдау көрсетіп отырғананын айта кетейін. Сондықтан біз Астана ЕХРО көрмесінің сәтті өтуіне бар үлесімізді қосуға тырысамыз.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер

var _zero_kz_ = _zero_kz_ || []; _zero_kz_.push(["id", 55976]); _zero_kz_.push(["type", 1]); (function () { var a = document.getElementsByTagName("script")[0], s = document.createElement("script"); s.type = "text/javascript"; s.async = true; s.src = (document.location.protocol == "https:" ? "https:" : "http:") + "//c.zero.kz/z.js"; a.parentNode.insertBefore(s, a); })(); //-->