Қазақстандық дизайнерлер халықаралық көрсетілімде шетелдіктерді таңдай қақтырды. Бакуде өткен фестивальге қатысқан екі сәнгеріміз әйелдер киімін ұлттық нақышта ұсынды. Жас сәнгерлердің тың топтамасын ұйымдастырушылар жоғары бағалады. Отандық дизайнер Мәдина Масақованың топтамасындағы әр зат өзінің қайталанбас бірегейлігімен ерекшеленеді. Бұл киімдерді әзірлеу үшін сәнгер 2 ай бойы тынымсыз еңбектенгенін айтады. Нәтижесінде ұлттық киім заманауи үлгіде ұсынылып отыр.

МӘДИНА МАСАҚОВА, ДИЗАЙНЕР:

Әр дизайнердің өз стилі бар. Мен ұлттық нақышты заманауи стильмен ұштастырдым. Мысалға, біз сәнді киімдер мен қол сөмкелерді, әшекейлерді ою-өрнекпен әрлейміз.

Бакуде өткен фестиваль сән әлемінің тарихына арналды. Ұйымдастырушылар оны «дәстүрден бүгінгі сән үлгісіне дейін» деп атаған. Оған Қазақстанмен қатар Әзірбайжан, Түркия және Қырғыз елдерінің дизайнерлері қатысып, ұлттық және заманауи киім үлгісін ұсынды. Шараны ұйымдастырушылар қатарында отандық дизайнерлер де бар.

ХАНУМ АЙДАШ, ДИЗАЙНЕР, ФЕСТИВАЛЬ ҰЙЫМДАСТЫРУШЫСЫ:

Бұл фестивал Бакуде алғаш рет өтіп отыр. Мақсатымыз, түркі тілдес халықтардың дәстүрін жаңғыртып, оны заманауи стильмен ұштастыру еді. Ондағы топтамаларға қарап, ұлттық құндылықтың маңызға ие екенін көрдік. Жас дизайнерлерге жол сілтеп, жұмысын көпке таныстыру менің міндетім деп білемін.

Дизайнер Ханум Айдаш жас буынға қол ұшын созып қана қоймай жыл сайын «Сән мен Сахна» фестивалін өткізеді. Бұл алаңда бүгінге дейін 40-тан астам жас сәнгер өз жұмысын көрсетіп үлгерген. Бүгінде ол отандық дизайнерлердің эксклюзивті топтамаларынан құралған дүкен ашып, өз ісін дөңгелетіп отыр. Дүкен жетекшісі бұл жолы тек сөмкелер топтамасын ұсынып ұсынған. Ханум Айдаштың айтуынша бүгінде қазақстандық дизайнерлер сәні мен сапасы сай киімдер шығарады.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер

var _zero_kz_ = _zero_kz_ || []; _zero_kz_.push(["id", 55976]); _zero_kz_.push(["type", 1]); (function () { var a = document.getElementsByTagName("script")[0], s = document.createElement("script"); s.type = "text/javascript"; s.async = true; s.src = (document.location.protocol == "https:" ? "https:" : "http:") + "//c.zero.kz/z.js"; a.parentNode.insertBefore(s, a); })(); //-->