Елорда төрінде классикалық музыка мен қазақ халық әуендері әуеледі. Бас шаһарда «The Magic оf Nomads» тобының жеке концерті өтті. Еліміздің майталман музыканттарынан құралған ұжым астаналықтар мен қала қонақтарының назарына «Менің Қазақстаным» атты әуенді де әуезді бағдарлама ұсынды. Академиялық, этно және заманауи музыка араласа салтанат құрған кеште қазақтың халық әндері джаз мәнерінде әрленіп орындалды. Ұлттық аспаптар үндескен жобаның жетекшісі – қобызшы Ғазиза Ғабдрахманова.

Концертке Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қайраткері Еділ Құсайыновта ат салысты. Сазгер жетіген, сыбызғы, сазсырнай, қамыс-сырнай, қаурсын-сырнай мен шаңқобыз сынды оншақты қазақтың халық аспаптарының тілін жетік меңгерген маман ретінде кеңінен танымал. Еділ Құсайынов ұмыт болған ежелгі дәстүрлі аспаптардың жаңғыруына сүбелі үлес қосып келеді. Оның қолындағы мына сазсырнай көне Отырар қаласында жүргізілген қазба жұмыстарының барысында табылған. Сондай-ақ ол кеңірдекпен ән айтудың хас шебері.

ЕДІЛ ҚҰСАЙЫНОВ, ҚР ЕҢБЕК СІҢІРГЕН МӘДЕНИЕТ ҚАЙРАТКЕРІ:

Музыканы шекарамен шектеуге болмайды. Қазақтың күй өнері немесе дәстүрлі халық әндерін рок әлде джаз әуендері арқылы тануға болады. Заман ағымына сай оларды үндестірсек маңызы мен мағынасы өзгермейді. Мұндай сабақтастық бүгінгі тыңдарманның көңілін аулаудың таптырмас жолы. Бұл жаңа мәнер шетелдіктерге ұнап жүр. Осы арқылы ұлттық өнерді өзге елдерге дәуріптеуге болады.

Елімізде баламасы жоқ ұжымның орындауындағы таңдамалы туындыларды елорданың эстрадалық-симфониялық оркестрі сүйемелдеді. Дирижер – Александр Беляков

АҚТОТЫ БОЛЫШЕВА, КӨРЕРМЕН:

Бүгінгі концерт өте жоғары керемет деңгейде өтті. Алматыдан келген біздің танымал топтардың бірі. Профессионалды музыканттар. Жаңа бағыттағы қазақстанда жоқ топтардың бірі. 



Пікірлер

var _zero_kz_ = _zero_kz_ || []; _zero_kz_.push(["id", 55976]); _zero_kz_.push(["type", 1]); (function () { var a = document.getElementsByTagName("script")[0], s = document.createElement("script"); s.type = "text/javascript"; s.async = true; s.src = (document.location.protocol == "https:" ? "https:" : "http:") + "//c.zero.kz/z.js"; a.parentNode.insertBefore(s, a); })(); //-->