28-бүкіләлемдік қысқы Универсиада алауы 25 қаңтар күні Астанадан бастау алады. Байрақты бәсеке басталғанға дейін эстафета алауы еліміздің 16 аймағын аралап, Алматыға жеткізіледі. Халықаралық жарыс үшін 140 факел дайындалыпты. Ұлттық нақышпен көмкеріліп, Универсиада бойтұмары бейнеленген факел арнайы тапсырыспен Австралияда жасалған. «Құрылғы халықаралық талапқа сай», дейді Универсиада дирекциясының басшысы.

НАИЛЬ НҰРОВ, УНИВЕРСИАДА ДИРЕКЦИЯСЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

17 мен 20 жас аралығындағы жастарымыздың өзге елдерден келген спортшылармен тәжірибе алмасып, тіл табысқаны біз үшін өте маңызды. Осы дода арқылы әлем біздің студенттердің, спортшылардың білімді және шет тілін еркін меңгергенін біледі.

Байрағы желбірейтін Универсиада алаушылары үш кезеңдік іріктеуден өтті. Олардың барлығы жоғары оқу орындарының үздік шәкірттері. Алғашқы алаушының бірі – Рио-де-Жанейро Олимпиадасының жүлдегері Дмитрий Баландин. Алау бернеше рет сынақтан өтті. Алаушылар факелды алып жүру және бір-біріне табыстау рәсімдерін да пысықтады. Ал, универсиаданың негізгі алауы 29 қаңтар күні жағылады.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер