Бүгін еліміз бойынша 1000-ға жуық әскери қызметкер Ұлттық ұланның 25 жылдығына орай мәртебелі марапатқа ие болды. Тәуелсіздік жылдары құрылған ең алғашқы күштік құрылым тарапынан оларға мерекелік медальдар мен қызметтік пәтер кілттері табысталды, деп хабарлайды Хабар24.

Салтанатты рәсімге әскери саланың қалыптасып, материалдық-техникалық дамуына қомақты үлес қосқан ардагерлер де жиылды. Бас қолбасшылық олардың еңбегін ерекше бағалап, сый-құрмет көрсетті. Сондай-ақ, құқықтық тәртіпті сақтау жолында қажырлы қайрат жұмсап, Отан алдындағы міндетін адал атқарып жүрген қызметкерлер марапатталды. Мерекелік шара Президент оркестрі өнерпаздарының концерттік бағдарламасына ұласты.

Мұхаметқали Сатов, ҚР Ұлттық ұланы Бас қолбасшысының орынбасары:

Іс-шараларамыз бүкіл Қазақстандағы әскери бөлімде өтіп жатыр. Офицерлер мен келісімшарттағылар марапатталып жатыр. Бұлар Отан алдында өздерінің міндетін орындап жатыр. Жоғары Бас қолбасшымыз, Елбасымыз қандай көмек керек сұрап отыр, материалдық-техникалық жақтан жақсы қаржы бөлінеді. Біз қазір жаңа техника, жаңа қару алып жатырмыз.

Ғалымжан Әтегов, ҚР Ұлттық ұланының әскери қызметкері:

9 жылдан бері еңбегімді бағалаған Бас қолбасшылыққа рақметімді айтамын. Бұл менің ғана марапатым емес, барша сарбаздардың марапаты. Олар марапаттала берсін, өз қызметтері үшін.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Пікірлер