The New York Times міндетті түрде Қазақстанға саяхаттауға кеңес береді. Танымал америкалық басылым осы жылы сапар шегуге ұсынылатын 52 мемлекеттің тізімін жариялады. Біздің ел бұл рейтингтің бел ортасында тұр. Тізімге енуге, ең алдымен, Астанада Халықаралық «EXPO» көрмесінің өтуі сеп болды. Мақалада «Ұлы Жібек жолының маржаны болуға ұмтылған Қазақстан көрікті жерлерін шетелдіктерге паш етуге ден қойып отыр»,-делінген. Сонымен қатар, туристер ЮНЕСКО-ның мұралар тізіміне енген Тянь-Шань тауларын көре алатыны да жазылған. Айта кетейік, Қазақстан – ТМД бойынша тізімге кірген жалғыз ел.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер