Маңғыстау облысындағы Құрық портының паромы ақпан айында іске қосылады. Екі өткел-көпір бірден 2 кемені қабылдауға мүмкіндік береді. Әзірге оның біреуі ғана жұмыс істеп тұр. Тағы бір пирс – әмбебап. Ол «Ро-Ро» секілді көлік түрлерін қабылдай алады. Жоба құны – 32 млрд. теңге. Биыл батыс және шығыс қоршағышының құрылысы аяқталып кешен межелі мерзімде ашылуы тиіс. Порт жыл бойы тоқтаусыз жұмыс істейді. Бұл – Каспий аймағы бойынша мұнай өнімдерін, тыңайтқыш және химиялық заттар мен басқа да жүктерді тасымалдауға мүмкіндік береді.

ИГОРЬ ПРОЦЕНКО, «ҚҰРЫҚ ПОРТЫ» ЖШС БӨЛІМ БАСШЫСЫ:

Бүгінгі таңда 178 кеменің сандық жоспары бар. Бұл 2017 жылдың соңына дейін орындалады. Тағы да тапсырыс болады.

Айта кету керек, құрық портындағы паром кешені Транскаспий халықаралық көліктік маршруттың көлік-логистикалық жүйесінің маңызды буыны болып табылады. Жоспар бойынша ол Қазақстанның транзиттік-көліктік әлеуетін дамытуға қуатты серпін беріп, «Жаңа Жібек жолы» жобасын іске асыруға ықпал етуі тиіс. Паром кешені тәулігіне 5 паромға қызмет көрсетіп, жылына 1 млн тонна көлемінде жүк тасымалдауды қамтамасыз етпек.

 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер