Қазақстанның ауыл шаруашылығы өнімінің экспорты артып келеді. Көкшетаудағы сүт зауыты Ресей мен Қытай нарығына шығуға мүдделі. Бұл шаралар агроөнеркәсіптік кешенді дамыту бағдарламасында қарастырылған. Кәсіпорын тәулігіне 10-12 тонна сүт өнімдерін шығарады. Ал жылына шамамен 2 млн литр. Зауыт бұл  көрсеткішті 7 млн литрге жеткізуді жоспарлап отыр.

Биыл 10 ай ішінде 12 мың тонна ет экспортталды. Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәлімдеуінше шетелдік инвесторлардың еліміздің агроөнеркәсіптік кешеніне қызығушылығы өсіп келеді. Жақында бірнеше жаңа ауыл шаруашылық кешендері жұмысын бастамақ. Мәселен, «Rifa Holding» компаниясымен «Еуразия агрохолдинг» серіктестігі бірлесіп, жылына 17 мың тонна қой етін өңдейтін кешен салуды жоспарлап отыр. Ал ауыл шаруашылығы тауарларының экспортын арттыру үшін кооперациялар құру жұмысы да қолға алынды.

ЕРКЕБҰЛАН АХМЕТОВ, ҚР АШМ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ДИРЕКТОРЫ:

Бүгінгі күні республикада 564 ауыл шаруашылығы кооперативтері құрылған. Соның ішінде сүт өндірісі бағытында 81 сүт кооперативі құрылды. Олардың жалпы қуаттылығы 40 мың тонна жылына сүтті дайындау мүмкіншілігі бар. Қосымша осы стратегиялық инвесторларды тарту бойынша жұмыстар жүзеге асырылуда.

Өткен жылдың 11 айында қазақстанға 6 трлн. теңгеден артық қаржы тартылған. Инвистицияның басым бөлігі ауыл шаруашылығы саласына құйылыпты.

САРА АЛПЫСБАЕВА, САРАПТАМАЛЫҚ ЗЕРТТЕУ ЖӘНЕ БОЛЖАУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

Қазір ауыл шаруашылығында жақсы өсім байқалады. Бұл салаға құйылған инвестиция көлемі 52 пайызға дейін көбейді. Осылайша, ауыл шаруашылығы Қазақстанның жаңа экспорттық бағытын айқындап отыр. Алдағы уақытта оның нәтижесі экономикаға серпін берері сөзсіз.

Оңтүстік Қазақстан облысында шығарылатын тауарлар Қытайда саудаланады. Бейжіңде өтетін жәрмеңкеге Күнгейдің тауар өндірушілері 800 тонна ұн мен балық өнімдерін ұсынбақ. Шымкентте тоқылатын кілемдер де Бейжің базарына қойылады. Қазақстандық өнімдер химиялық қоспасыз, табиғи таза. Сондықтан, аспан асты елінде үлкен сұранысқа ие. Жәрмеңке Бейжіңдегі ең ірі сауда орталығында 1 ай бойы өтеді. Айта кетейік, Оңтүстік Қазақстан облысының тауарлары алғаш рет Қытай нарығына жол тартып отыр. Алдағы уақытта Үрімшіде аймақтың сауда үйін ашу жоспарланған.

ТИМУР НАҚЫПБЕКОВ, ОҚО КӘСІПКЕРЛЕР ПАЛАТАСЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Бұл қазір жоба күйінде әзірленіп жатыр. Екіжақты келіссөздер жүріп жатыр. Қытайлық компаниялармен келіссөздер жүріп жатыр. Мұндай тұрғыдағы сауда үйі ашылатын болса, онда біздің тауар өндірушілер тұрақты түрде сауда жасауға мүмкіншілік пайда болады.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер