5 жыл бойғы ғылыми зерттеу өз нәтижесін берді. Елімізде құс шаруашылығында пайдаланатын жемге арнайы қоспа жасалды. Енді бұл шаруашылықтың табысы одан әрі арта түспек. «Фитаза» деп аталатын жаңа өнім биыл нарыққа шығарылады.

АРМАН МҰСАХМЕТОВ ҰЛТТЫҚ БИОТЕХНОЛОГИЯ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ТЕХНОЛОГЫ:

Біз жасаған өндірістік технологияның өте тиімді болуында. Жасалған технологияның нарығындағы бәсекелестермен терезесі тең шығуымызда.

«Фитаза» ғалымдардың айтуынша құс бойына фосфордың сіңімділігін арттырады. Нәтижесінде құстар жылдам салмақ алады. Өзге қоспалардың қажеті де қалмайды. Өнімнің экономикалық тұрғыдан ғана емес, сонымен қатар экологиялық жағынан да пайдалы екендігі анықталған. Осыған дейін мұндай өнімді Қазақстан Қытай, Мексика және Еуропа елдерінен алып келді.

АРМАН МҰСАХМЕТОВ ҰЛТТЫҚ БИОТЕХНОЛОГИЯ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ТЕХНОЛОГЫ:

Қазіргі таңда Қазақстан бойынша 35 миллион құс басы бар. Бұл көрсеткіш әлі де өсіп келеді. Біздің фитаза соларға қатты керек. Жасалған жұмыс арқасында. Біздің «Фитаза» жылына 10 мың тонна сұранысқа ие.

Алдағы үш жылға өнім жасаушылар мемлекеттен 260 миллион теңге көлемінде қаржы алып отыр. 2019 жылға қарай олар жылына 4 мың келі өнім шығармақ. Мұндай мүмкіндікті өтініш білдірген 300-ден 30 жоба жеңіп алған. Қаржының басым бөлігін ғылым қоры береді. Бұл ғылыми жаңалықтарға мелекеттік гранттар индустриалды-инновациялық дамудың аясында берілуде. Олардың иегерлері көбінесе тамақ өндірісі және фармакологиялық құралдар шығаратын кәсіпорындар. Олардың қатарында қалдықтарды қайта өңдейтін де өндіріс орындары да бар. Жобаларға мемлекет шамамен 1 милиард теңге бөлген. Айта кету керек, өнімге соңғы уақытта жеке инвесторлар да көңіл бөле бастады.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер