Алдағы наурыз айында Торғай геоглифтерінің табылғанана 10 жыл толады. Сақина, крест, свастика, пирамида тектес жер бетіндегі бұл бейнелер адамзаттың ең көне туындысы деп танылып отыр. Түркияда өткен археологтардың еуропалық қауымдастығының форумында торғайлық нысандар 2014 жылдың басты сенсациясы деп танылды. Ал 2015 жылдың қорытындысы бойынша америкалық блогерлердің таңдауымен Торғай геоглифтері жылдың топ-10 жаңалығына енді. Зерттеуші Дмитрий Дей биыл зерттеу жұмыстарын халықаралық деңгейде жүргізу жоспарланып отырғанын айтады.

ДМИТРИЙ ДЕЙ, ЗЕРТТЕУШІ:

Бұл болжам шындыққа жанасады, біз оны өз нысандарымызда тексеріп көрдік, Сонымен қатар геоглифтерді күн обсерваториясы ретінде қолдануға да болады.

Торғай облысының аумағындағы геоглифтер ғарыштық түсірілімнің көмегімен 2007 жылы кездейсоқ табылды. Барлығы 10 геоглиф. Олардың сыры бүгінгі күнге дейін құпия болып қалуда. Дегенмен болжамдар жетерлік. Олардың бірі – олар күнтізбе қызметін атқарған. Мәселен күннің қысқарып барып тоқырауы және күн мен түннің теңескен кезінде күннің көзі белгілі бір төмпешікке түседі. Осының көмегімен көшпелі киіктердің өтетін уақытын білуге болады.

ДМИТРИЙ ДЕЙ, ЗЕРТТЕУШІ:

Бастапқыда бұл жобаны біз тек қазақстандық деп атағымыз келген. Алайда халықаралық қауымдастықтардың қызығушылығы жоғары болды. Бұл жоба тарихымыздың беймәлім тұстарын ашуға үлкен септігін тигізері сөзсіз. Және Қазақстанды Египет тәрізді әлемге таныта түсетіндігіне сенімдімін.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер